Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Франция үкіметінің шәкіртақылық конкурсының нәтижелері

Франция үкіметінің шәкіртақылық конкурсының нәтижелері

11 Шілде 2018

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті биология кафедрасының оқытушысы  Дидар Бекежанұлы Оқасовты Франция үкіметінің стипендиясын «Абай-Верн» бағдарламасы бойынша Пуатье университетінде (Франция) PhD докторантурада құттықтайды! Оқуыңызда және зерттеуіңізде сәттілік тілейміз!

Естеріңізге сала кетейік,Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Француз Республикасының Еуропа және Сыртқы істер министрлігі арасында «Абай-Верн» шәкіртақылық бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Осы бағдарлама шеңберінде қазақстандық студенттерге магистратура мен докторантурада оқу үшін 65 грант берілді. Олардың ішінде докторантураға 10 грант бөлінді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар пакетін электронды түрде Қазақстандағы Франция елшілігіне тапсыру қажет болды. Кандидаттарды іріктеуде соңғы шешімді француз жағы қабылдайды.

Французтарапыбағдарламаныңтыңдаушыларынакелесіжеңілдіктердіұсынады: 3 жылбойы (қыркүйектенақпанғадейін) тегін (қыркүйектенмаусымға дейін) 10 айішіндемагистранттарүшіноқужәнежылына 6 айдокторанттарғаарналған, жоғарымемлекеттікбілімберуорындарындатіркеужарнасынтөлеуденбосататынФранцияүкіметініңстипендиатымәртебесін, француздықәлеуметтіксақтандырудыңортақ жүйегетіркелуі, ұзақмерзімдітегінстуденттіквиза,студенттікжатақханалардаорындардыорналастырудағыбасымдық, тұрғынүйүшінтөлеугекөмекалу, мәденибағдарламаларменіс-шараларғақатысуүшінжеңілдіктітарифтер. Қазақстандықтарапайсайын 10 айға (қыркүйектенмаусымғадейін) айына 800 евро, алдокторанттарға - жылына 6 ай (қыркүйектенбастапақпанғадейін) 3 жылбойыайына 1200 евро құрайтын шығындарды қаржыландырады.

Қазақстандық студенттерге арналған Франция үкіметінің бағдарламалары туралы толық ақпарат алу үшін ҚММУ Халықаралық ынтымақтастық департаментіне (Гоголь көшесі, 40, 331А кеңсесі), Қарағандыдағы Француз Альянсы (Гоголь көшесі, 38) немесе Қазақстандағы Campus France:http://www.culturefrance.kz/Usloviya-uchastiya-v-programme-mobil-nosti-Abaj-Vernēlang=frхабарласуға болады.


0
4371

пікірлер

пікір қалдыру үшін.