Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Витебск мемлекеттік Достық орденімен марапатталған медицина университетіндегітәжірибе!

Витебск мемлекеттік Достық орденімен марапатталған медицина университетіндегітәжірибе!

10 Шілде 2018

  Академиялық ұтқырлық шеңберінде ҚММУ 3 курс студенттері «Стационардағы дәрігердің көмекшісі» ретінде Витебск мемлекеттік Достық орденімен марапатталған медицина университеттінде тәжірибеден өтті.

  Біраз университет туралы ...

  Витебск мемлекеттік медицина институты 1934 жылы 1 қарашада БССР халық комиссарлары Кеңесінің қаулысымен барлық курстарда жалпы контингенті 250 студентті құрайтын аурухана- медициналық ЖОО

ретінде құрылды.

  Бүгінгі күні Витебск мемлекеттік Достық орденімен марапатталған медицина университеті Беларусь Республикасының ірі жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта университет қабырғасында 6 мыңнан астам студенттер мен тыңдаушылар білім алады. Әлемнің 30 елінен келген 1000-нан астам студент шетел азаматтарын даярлау факультетінде білім алады.

  Университеттің құрамына 7 факультет, 63 кафедра, ғылыми-зерттеу зертханасы, ғылыми-зерттеу бөлімі, ақпараттық орталық, кітапхана, редакциялық-баспа полиграфиялық орталығы кіреді.

  Университет иелігіндегі ботаникалық бақ, оқу-өндірістік дәріхана фармация мамандарын  даярлауда пайдаланылады.

  Университет 4 ғылыми-практикалық журнал,  көптиражды «Медвузовец» газетін басып шығарады.

Университетте: ВГМУ клиникасы, стоматология факультетінің клиникасы, 2 дәріхана, бақылау-аналитикалық зертхана жұмыс істейді.

   2009 жылы университет әлеуметтік-мәдени саладағы ерекше еңбегі үшін, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесіне , оны медициналық, провизорлық және ғылыми қызметкерлермен қамтамасыз еткені үшін республика Президенты Жарлығымен Беларусь Республикасының Құрметті Мемлекеттік Тумен  марапатталды.

  Біздің тәжірибе Витебск облыстық клиникалық ауруханасы базасында  өтті. Алғашқы күннен, алғашқы минуттан бастап,  мейірімділік пен бізге деген жағымды қарым-қатынасқа бөлендік.

  Бізді, студенттерді, бөлімдерге бөлу қалауымыз бен таңдауымызды ескере отырып жүргізілді. Ол үшін медициналық бөлімнің бас дәрігерінің орынбасары С.В.Огризкоға, бас дәрігердің хирургия бөлімі бойынша орынбасары А.В.Горбуновқа, сондай-ақ хирург О.К.Чепикке алғысымызды білдіреміз.

  Әрине, алғашында ҚММУ-дың 3 курс студенттерінінің дәргерлік тәжірибеден өтетініне барлығы таңданды, дегенмен, біздің бөлімшелердегі кураторларымыз тез арада жағдайға кіріп, біз келген бағыт бойынша жұмыс жасай бастады. Шын жүректен келесі дәрігерлерге алғысымызды айтқымыз келеді: Т.А.Торосян,И.А.Пышняк,М.В.Олевский,Т.Г.Клепикова,А.А.Зеньков.

  Бөлім дәрігерлерімен бірге біз бастапқы тексеруді өткіздік, қаралу және емдеу жоспарын  тағайындадық, диагноз қойдық. Кейінірек, науқастарды ,басшылардың қадағалауымен, дербес жүргіздік . Біз үшін бұл ұмытылмас сезім мен тәжірибе болды. Бөлімде дәрігермен бірге жүріп, оның іс-әрекеттерін бақылап, өзіңіз үшін жазбаларды жазу,  бір бөлек, ал  науқасқа өзің  жеке бару мүлде басқаша. Санамызда қаншама ойлар мен сұрақтар . Бірақ соның ішінде ең басты бір ой - «науқас бізбен байланысқа түссе екен» . Білесіздер ме, бұл проблема болған жоқ. Барлық науқастар оңай байланысқа түсті, ешкім бізден теріс айналған жоқ, керісінше біздің келгенімізге қуанды. Бұл бізді қанаттандыра түсті.

  Ахмедия Риза: « Мен өзімнің Витебск облыстық  клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімінде өткен тәжірибеден алған  әсерлеріммен бөліскім келеді. Тәжірибе өте қызықты әрі информативті болды. Біздің куратор ,Тананко А.В., аурухананың құрылымы туралы, бөлімде жұмыс қалай жүргізілетіні туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бөлім дәрігерлерінің жүргізіп жатқан керемет жұмысы мен команданың қуанышпен қабылдауының арқасында біз нейрохирург дәрігердің мамандығына кірісіп кеттік. Әсіресе, команданың жинақылығы,  құзыреттілігі, сонымен қатар, олардың  достығы мен сүйікті ісіне толығымен берілуі бізге аса қатты ұнады.»

  Ким Александра, Мукушева Айнұр: «Кардиология бөлімінің меңгерушісі, Ольга Петровна Чупахина, бізге ерекше әсер қалдырды, әлі күнге дейін ол кісіге таң қаламыз . Бөлімге келгенде, біз сасып қалдық, бірақ ол кісі бізді тез арада дұрыс арнаға бағыттады.Біз онымен бірге науқастарды бақыладық, диагноз қойдық. Ол алдымен біздің пікірімізді тыңдайтын, одан соң ғана біздің дұрыс не бұрыс бағытта ойлайтынымызды айтатын. Осының арқасында біз диагностикалауда алғашқы тәжірибемізді алдық және дәл осы кісі бізді керемет бөлім – эндоваскулярлық хирургияның рентген-ота бөлімімен таныстырды. Бұл таң қаларлық бөлім. 36 сағаттың ішінде осыншама нәрсені көріп білуді тіпті армандамағанда едік. Әрине, біз бастапқыда бұл бөлімде ненің не екенін түсінбедік, бірақ осы бөлімнің қызметкерлері бұл бағыттың қыр-сыры туралы айтып берді. Біз мұнда мол білім, тәжірибемен қатар, көл-көсір жағымды әсер алдық, тіпті осы бөлімде мәңгілік қалғымыз келді. Осының барлығы үшін келесі кісілерге өз алғысымызды білдіреміз: А. П.Кутько,Г. В.Леонович,А. В.Синкевич,С. Л.Довгий,И.Е.Пушков,А.А.Третьяков,С.А.Нарчук,М.В.Рудаковсий,С.П.Климович,М.С.Любко».

  Капанова Аида, Жумабаев Тимур: «Біз тәжірибені кардиохирургия бөлімінде өттік. Оннан аса күрделі отаға қатысып, солардың бірінде ассистент болу бақыты бұйырды. Ота барысында хирургтар ота деңгейлерін толықтай түсіндіріп отырды, отадан кейінгі күндері біз, сол науқастардың жағдайын бақыладық. Витебск облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне, бізге деген мейірімді қарым-қатынасын, аса жоғарғы біліктілігін, өздерінің баға жетпес білімі, тәжірибесімен бізбен бөлісуге деген құштарлығын ерекше атап өтіп, алғысымызды білдіреміз.»

Ибадуллаева Дана: «Бізді бөлімдерге бөлу кезінде еш ойланбастан торакальді іріңді хирургия бөлімін таңдадым, себебі медицинаға келмей тұрып осы бөлім туралы кітаптар оқып, өкпеге жүргізілетін отаға қызығатынмын. Бөлімге келгенде барлық арманым орындалғандай болды. Тек кітаптан оқыған дүниелерімді, дәл осы бөлімнің оталарынан көрдім. Плевра эмпиемасын өз көзіммен көру мен үшін айтып жеткізе алмайтын сезім болды. Хирургтар өте шебер, қарапайым  әрі көңілді кісілер болды. Ота барысында бізге түсіндіруді, барлығын көрсетуді ең бастысы біздің түсінуімізді өздеріне міндет санайтын. Бұл бір керемет тәжірибе болды. Бөлім меңгерушісі Н.М.Кондерскийге және Ю.С.ПодолинскиғажәнеА.И.Янковскийге алғысым шексіз.»

Абубакирова Раушан, Досжанова Айгерим: «Тәжірибені біз жақ-бет xирургия бөлімімшесінде өттік.Тәжірибе барысында бөлімше меңгерушісі М.В.Олевскимен бірге таңертеңгілік тексеруге қатыстық,сондай-ақ, шықшыт сілекей безі ісігін жою,киста,қызыл иектің эпилусы және басқа да оталарда  ассистент болдық.Әрбір ота басталуына дейін  ота жасайтын xирург жұмыс барысын түсіндіріп,біздің қойған сұрақтарға жауап берді.Бөлімшедегі барлық қызметкерлер өте мейірімді жүзбен,үлкен құрметпен қарсы алды. М.В.Олевскийге,Т.А.Торосянға,И.А.Пышнякқа,Т.И.Чеботареваға -ға бізбен бөліскен баға жетпес тәжірибе үшін шын жүректен алғысымызды білдіргіміз келеді.»

Құрметті студенттер, егер де сіздерге академиялық ұтқырлық аясында ВММУ-ге баруға мүмкіндік туса, міндетті түрде осы мүмкіндікті пайдаланыңыздыр!

 Беларусь Республикасына барып, онда баға жетпес тәжірибе алуымызға берілген мүмкіндік үшін ҚММУ басшылығына,  ҚММУ ректоры Р. С. Досмағамбетоваға жеке, сондай-ақ  халықаралық бөлімге алғысымызды білдіреміз.

Құрметпен,  ҚММУ «Жалпы медицина және стоматология» факультетінің 3 курс студенттері.


0
5030

пікірлер

пікір қалдыру үшін.