Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалардың» мамандығында оқитын 8-003 тобының резиденттерінің академиялық ұтқырлық бойынша Милан университетіне баруы

«Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалардың» мамандығында оқитын 8-003 тобының резиденттерінің академиялық ұтқырлық бойынша Милан университетіне баруы

11 Шілде 2018

2018 жылдың 16 маусымда - 1 шілде аралығында «анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалардың» мамандығының бірінші курс резиденттері академиялық ұтқырлық шеңберінде Милан университетіне барып, Сан Паоло госпиталінің базасында «Торакальді хирургиядағы анестезия және интенсивті терапия» модулі бойынша білім алды

.

Резиденттер оқу барысында профессор Давиде Кьюмелло жетекшілігімен госпитальдің заманауи құрылғылармен жабдықталған, 10 операция бөлмесі бар анестезиологиялық бөлімшесінде жұмыс жасады. Резиденттерге әр түрлі бейіндегі хирургиялық науқастарға  анестезиямен қамтамасыз етуге көмектесу, операция алдындағы науқастарды даярлауға қатысу және операциядан кейінгі кезеңдегі анальгезияның түрлерімен танысу мүмкіндігі берілді.

Сонымен қатар, резиденттер видеоэндоскопиялық құрылғының көмегі арқылы жасалынатын трахея интубациясының бірнеше түрлерімен танысты. Мұнымен қоса, науқастардың эмоционалды жағдайын тұрақтандыру және анестезиялық  асқынуды болдырмау мақсатында  жүргізілетін предмедикация мәселесі толық қаралды. Онкологиялық науқастар мен балаларды анестезиологиялық  көмекпен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

Милан университетіне академиялық ұтқырлық бойынша бару резиденттерге операция алды кезеңде науқастарды анестезиелеудің заманауи әдіс-тәсілдермен танысуға, оқып білуге зор септігін тигізді. Резиденттер осы берілген мүмкіндік беріп,  колдау көрсеткені үшін университет ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетоваға, клиникалық жұмыс және үздіксіз кәсіби даму проректоры Б.Н.Көшероваға, сонымен бірге шетелдік консультанттарға профессор Клаудио Колосио мен профессор Давиде Кьюмеллоға үлкен  алғыстарын  білдіреді.


0
4246

пікірлер

пікір қалдыру үшін.