Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
KazMSA студенттік ұйымының шеңберінде ҚММУ-не Түркия, Польша, Дания және Чехия елдерінен студенттердің келуі

KazMSA студенттік ұйымының шеңберінде ҚММУ-не Түркия, Польша, Дания және Чехия елдерінен студенттердің келуі

18 Шілде 2018

2018 жылы Қазақстандық Медик Студенттердің Қауымдастығы (KazMSA) аясында Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетіне Түркия, Польша, Дания және Чехиядан 7 студент келді, қыркүйек айында Чехиядан тағы бір студенттің келуі күтілуде.

ҚММУ-нің акушерлік және гинекология кафедрасында репродуктивті денсаулық бойынша екі шетелдік студент: Анна Берг Хансен, Копенгаген университетінің (Дания) 3 курс студенті және Аслий Нинат Гази университетінің (Анкара, Түркия) екінші курс студенті тәжірибеден өтіп жатыр. Студенттер ҚММУ-де тәжірибеден 9 шілдеден 20 шілдеге дейін өтеді, содан соң, олар Астана қаласының Медициналық университетінде (АМУ) өз тәжірибесін жалғастырады.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 2 шілдесі мен 27 шілдесі аралығында биология кафедрасында зерттеу алмасу бойынша үш студент: Акибадем университетінің медициналық мектебінің (Түркия, Стамбул) 2 курс студенті Айша Озжан; Чехияның Брно қаласындағы Мазарик университеті Медицина мектебінің 4 курс студенті Андреа Калисова; Польшадағы Силезия медициналық университетінің 5 курс студенті Костуй Мартин оқып жатыр. Бір аптадан кейін, яғни 9 шілдеде аталған студенттердің қатарына Нежметтин Эрбакан атындағы Университеттің (Конья қ., Түркия) медициналық факультетінің 1 курс студенті Хатидже Сахин келіп қосылды. Ол биология кафедрасында 2018 жылдың 3 тамызына дейін оқудан өтетін болады.

Студенттер ҚММУ-нің Практикалық дағдылар орталығында да тәжірибеден өтеді.

Студенттер 11 шілде күні Халықаралық ынтымақтастық департаментінің ұйымдастыруымен ҚММУ мұражайымен таныстырылды, онда олар біздің университеттің құрылу тарихы мен даму тарихымен танысты. Сонан соң, ҚММУ ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетовамен кездесу болып өтті.

Демалыс күндері Қазақстандық Медик Студенттердің Қауымдастығы (KazMSA) қонақтарға Бурабай курорттық кентіне экскурсия ұйымдастырды.


0
4241

пікірлер

пікір қалдыру үшін.