Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Профессор Роза СейтқалиқызыӘлімханова – «Алтын жүрек» сыйлығының лауреаты!
08 Қараша 2018
«Алтын жүрек» сыйлығы жыл сайын Қазақстанның ең белсенді қайырымдылық көрсетушілеріне беріледі.Биылғы жылы қатысуға 300-ден астам өтінім түсті. Бұл сыйлық экологиялық мекемелерге материалдық және қаржылық көмек көрсеткені үшін, сондай-ақ қоршаған ортаның жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды, экологиялық жобаларды, акцияларды өткізгені үшін беріледі.
Он жетінші стартта!
08 Қараша 2018
Қараша айының бірінші сенбісінде, Жастармен жұмыс жасау бөлімі физикалық денсаулық орталығымен орталығымен бірлесе отырып ҚММУ XVII футбол чемпионатын ашты.
«Қазақстандағы еңбек медицинасының өзекті мәселелері: Хризотил және денсаулық» Халықаралық конференциясы
08 Қараша 2018
2018 жылдың 1-2 қарашасында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Қазақстандағы еңбек медицинасының өзекті мәселелері: Хризотил және денсаулық» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Абуали ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің делегациясының сапары
08 Қараша 2018
2018 жылдың 5 мен 13 қарашасы аралығындаАбуали ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің делегациясы ҚММУ-де. Делегация құрамында: Махмудов Хайём Рузибоевич - стратегиялық даму және басқару орталығының директоры, Бахром Саидзода - қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің деканы, Умарова Замира - стратегиялық даму және менеджмент орталығының маманы, Бахтиёрова Наргис - еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің ассистенті.
Ғылыми үйірменің бірінші отырысы
08 Қараша 2018
Шет тілдер кафедрасында студенттік ғылыми үйірмесінің бірінші отырысы өтті. Бұл отырысқа 12 бірінші курс студенттері қатысты. Ғылыми үйірменің басшысы мен хатшысы сайланды.
П. М. Поспелов біздің есімізде.
07 Қараша 2018
2018 жылдың 6 қарашасында ҚММИ негізін қалаушы Петр Моисеевич Поспеловтің туғанына 115 жыл толуына орай жалпы медицина мамандығы бойынша 3-032 және 3-039 топ студенттері денсаулық сақтау кафедрасының аға оқытушысы Н. Ф. Сайфулинамен бірге қабіріне гүл шоқтарын қойды.
Атеросклерозға қарсы күресу мектебі
06 Қараша 2018
Соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету облыстық орталығы базасында 7-045 және 7-059 топ студенттері жүректің ишемиялық ауруы мен атеросклерозы бар науқастарға мектеп ұйымдастырды.
Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық
06 Қараша 2018
Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі Жакенова Сауле Рахимжановна Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша 15.10 - 26.10.2018ж. аралығында жіберілді.
П. М. Поспеловқа – 115 жыл
06 Қараша 2018
Бүгін, 2018 жылдың 6 қарашасында, Қарағанды мемлекеттік медицина институтының негізін қалаған – Поспелов Пётр Моисеевичтің туған күніне 115 жыл толды.
Лондондағы TAME консорциумының қорытынды кездесуі
02 Қараша 2018
2018 жылы 24-26 қазан аралығында Лондонда Әулие Георгий университетінің базасында Эразмус+ Еуропалық Одақ қаржылық қолдауы бағдарламасы аясында, TAME - Training Against Medical Error жоба қатысушылардың қорытынды кездесуі және сценарийлер мен виртуалды науқастарды пайдаланумен білім беру жобаларына арналған We are our Choice 2018" - Learning to Make Good Decisions халықаралық конференциясы ұйымдастырылды.