Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Атеросклерозға қарсы күресу мектебі

Атеросклерозға қарсы күресу мектебі

06 Қараша 2018

Соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету облыстық орталығы базасында 7-045 және 7-059 топ студенттері жүректің ишемиялық ауруы мен атеросклерозы бар науқастарға мектеп ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты – науқастарға; бой, салмақ, бел айналымы, дене салмағының индексі, артериальды қан қысымы, жалпы холестерин мен глюкоза деңгейі көрсеткіштерінің артыуынқадағалау маңыздылығы түсіндірілді, атеросклероз, артериальды гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы туралы қысқаша ақпарат берілді, науқастар қауіп факторлармен таныстырылды.

Іс шараны жүргізу кезінде 3 бөлімшенің науқастары конференц-залға шақырылды, сол жерде интерндер портативті құралдардың көмегімен жалпы холестерин, глюкоза деңгейін анықтау, антропометрия, артериальды қан қысымын өлшеу, SCORE шкаласы бойынша науқастардағы алдағы 10 жыл ішіндегі жүрек-қантамыр асқыныстарының пайда болу жиілігін есептеді.  Атеросклероз проблемалары және оның асқыну себептері туралы танымдық дәріс оқылды. Дәріс  аяқталған соң айтылған тақырыпқа байланысты науқастар мен интерндер арасында кері байланыс жүргізілді. Науқастар  SCORE шкаласы бойынша асқыныстардың дамуын бәсеңдету, артериальды қан қысымның өзіне тән қалыпты болуы, дәрілердің тиімділігі мен бағасы туралы сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға керекті әрі нақты жауап алынды.

Дәріс аяқталған соң дұрыс тамақтану туралы ескертулер, дәріні қабылдау туралы өзін бақылау күнделігі таратты.

  № 2-ші Ішкі аурулар кафедрасы ассистенті Ш№К№Щербатаев


0
3805

пікірлер

пікір қалдыру үшін.