Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Лондондағы TAME консорциумының қорытынды кездесуі

Лондондағы TAME консорциумының қорытынды кездесуі

02 Қараша 2018

2018 жылы 24-26 қазан аралығында Лондонда Әулие Георгий университетінің базасында Эразмус+ Еуропалық Одақ қаржылық қолдауы бағдарламасы аясында, TAME - Training Against Medical Error жоба қатысушылардың қорытынды кездесуі және сценарийлер мен виртуалды науқастарды пайдаланумен  білім беру жобаларына арналған  We are our Choice 2018" - Learning to Make Good Decisions халықаралық конференциясы ұйымдастырылды.

Конференция WAVES – Widening Access to Virtual Educational Scenarios желісіне қатысқан британдық және халықаралық қатысушыларды біріктірді. Осы іс-шара академиялық және бизнес қатысушыларға виртуалды сценарийлерге негізделген, оқыту мен сабақ беруде барлық мүдделі тұлғалар қоғамдастығына тартылуға мүмкіндік берді. Конференция жұмысына Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры, м.ғ.д., профессор Р.С. Досмағамбетова, ҚММУ стратегиялық даму,  ғылым және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректоры, м.ғ.д., А.А. Тұрмұхамбетова, жұмыс тобының өкілдері - ТАМЕ жобасының қатысушылары -  ҚММУ клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Ш.С. Қалиева,  ҚММУ инновациялық технологиялар трансферті және кәсіби даму орталығының директоры, м.ғ.к., доцент А.З. Мұратова, ҚММУ халықаралық жобалар қаржыгері Н. Цай қатысты. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде конференция қатысушыларына TAME жобасын жүзеге асырудың нәтижелері ұсынылды және интерактивті пікірталаста WAVES желісінде жобаның әрі қарай тұрақты дамуы, өзара әрекеттестік және серіктестік стратегиясы талқыланды.

2018 жылдың 25-26 қазан аралығында 7 елдің 10 университеттерінің ішінен жұмыс топтары қатысуымен TAME жобасының қатысушыларының қорытынды кездесуі өтті: Ұлыбритания, Әулие Георгий университеті; Швеция, Каролинск институты; Чехия, Масарик университеті; Грекия, Аристотель университеті; Украина, Запорожье мемлекеттік медицина университеті, Буковин мемлекеттік медицина университеті; Қазақстан, Астана медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті; Вьетнам, Ханой медицина университеті, Хью медицина және фармация университеті.

Кездесу барысында TAME консорциумның барлық серіктестері университет-серіктестерде жобаны енгізу нәтижелері туралы баяндады, білім беру бағдарламасында жаңа жағдайларды іске асыру және одан әрі дамыту мүмкіндігін, сапаны бақылауды, тарату сұрақтары және жүзеге асыру нәтижелерін тұрақты дамытуға, жаңа тьюторларды дайындауға, әрі қарай ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелерді талқылады.

Байланыс тұлғалары:

Шолпан Қалиева, ТАМЕ жобасының үйлестірушісі
Кафедра меңгерушісі
Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасы
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті.
Қазақстан, Қарағанды қ., Гоголь к., 40
Тел: +7 7212 50 39 30 (қос. 1224)
Email: S-Kalieva@qmu.kz


0
3106

пікірлер

пікір қалдыру үшін.