Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық

Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық ұтқырлық

06 Қараша 2018

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі Жакенова Сауле Рахимжановна Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша  15.10 - 26.10.2018ж. аралығында жіберілді.

С.Р.Жакенова университетте болған кезде Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің төртінші курс студенттеріне дәріс оқыды және тәжірибелік сабақ жүргізді. Оқылған дәрістердің тақырыптары:  «Қоғамдық денсаулық сақтау ғылым және оқыту пәні ретінде», «Халықтың денсаулығы және оны зерттеу әдістері. Демография және оның медициналық және әлеуметтік аспектілері», «Халықтың өлім-жітімінің әлеуметтік-гигиеналық аспектілері. Нәрестелер мен аналар өлімін талдау және медико-әлеуметтік маңыздылығы», «Тұрғындар сырқаттанушылығы. Ауруды зерттеу және талдау әдістері», «Медициналық статистика».

С.Р.Жакенова тәжірибе алмасу шеңберінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттеріне проблемалық-бағдарланған оқыту технологиясы бойынша УЕЖ ауруларын талдау». «Өнеркәсіптік қызметкерлерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру» тақырыбында TBL әдіснамасы бойынша сабақтар өткізді. 

БҚММУ басшылығымен Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасымен және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасымен бірге өзара келісімге қол жеткізілді.


0
4451

пікірлер

пікір қалдыру үшін.