Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қазақстандағы еңбек медицинасының өзекті мәселелері: Хризотил және денсаулық» Халықаралық конференциясы

«Қазақстандағы еңбек медицинасының өзекті мәселелері: Хризотил және денсаулық» Халықаралық конференциясы

08 Қараша 2018

2018 жылдың 1-2 қарашасында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде   «Қазақстандағы еңбек медицинасының өзекті мәселелері: Хризотил және денсаулық» атты Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Ресей, Үндістан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан ғалымдары қатысты, 40-тан астам баяндама айтылды.

  Жұмысшылардың, соның ішінде хризотил өндірісі жұмысшыларының денсаулығына кәсіби қауіпті бағалау мен басқару мәселелері талқыланды.

Баяндамалар денсаулық сақтау ісін реформалау және сандық технологияға көшу жағдайында гигиеналық, клиникалық-эпидемиологиялық және эксперименттік еңбек медицинасы заманауи ғылыми бағыттарына қатысты.

Нәтижесінде мынадай шешімдер қабылданды:

1. Кәсіби қауіпті басқару және бағалау, қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету, жұмысшылардың,  соның ішінде хризотил өндірісі жұмысшыларының денсаулығын қорғау және нығайту бойынша ғылыми зерттеулер нәтижелері өзекті деп танылсын.

2. Хризотилді пайдалануды амфибол тобындағы асбест пен хризотил тобындағы асбесттің организмге әсерін ғылыми тұжырымдалған негізде ажырата отырып, жүзеге асырылуы тиіс, нәтижесінде – қазіргі өнеркәсіпте оның пайдаланылуын қадағалай отырып қолдану хризотил-асбестті қауіпсіз етеді деген қағида Қазақстанның халықаралық деңгейдегі ресми позициясының негізі болуы қажет.

3. Хризотилдің тұрғындар мен жұмысшылар денсаулығына әсері бойынша ғылыми зерттеулер жалғасын табуы тиіс, сондай-ақ, асбестке байланысты ауруларды жою бойынша Қазақстандық бағдарламаны әзірленіп, кәсіби қауіпті басқарудың ақпараттық технологиясы дайындалуы қажет.


0
2972

пікірлер

пікір қалдыру үшін.