Жаңалықтар

Жоғары әлеует және ортақ мақсаттар: ҚМУ мен Хidian University бірлескен білім беру бағдарламасы мен зертхананы құрады
Жоғары әлеует және ортақ мақсаттар: ҚМУ мен Хidian University бірлескен білім беру бағдарламасы мен зертхананы құрады
21 May 2026

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту, университеттер арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайту, сондай-ақ медициналық білім беру, биомедициналық зерттеулер, цифрлық технологиялар және медицинадағы жасанды интеллект саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру шеңберінде Қарағанды медицина университетіне Hidian University делегациясының ресми сапары болып өтті.

Кездесуге ҚМУ тарапынан проректорлар, сондай-ақ Өмір туралы ғылымдар институтының директоры қатысты. Қарағанды медицина университеті мен Hidian University қызметінің негізгі бағыттарын, ғылыми басымдықтарын, білім беру бағдарламалары мен университеттердің халықаралық жобаларын көрсететін таныстырылымдар болды. Келіссөздер аясында стратегиялық ынтымақтастық, бірлескен және қосарлы білім беру бағдарламаларын дамыту, білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығы, сондай-ақ ғылыми зерттеулер саласындағы өзара іс-қимылдың тұрақты тетіктерін құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.


Қытай делегациясының өкілдері ҚМУ-нің ғылым, білім және клиникалық тәжірибе интеграциясы саласындағы тәсілдеріне айтарлықтай қызығушылық танытты. Жас зерттеушілердің жоғары уәждемесі, өзіндік ғылыми инфрақұрылымның болуы және биомедицинамен мен цифрлық технологиялармен байланысты бағыттардың белсенді дамуы жеке атап өтілді. Hidian University өкілдерінің айтуынша, университет Орталық Азияда тұрақты халықаралық зерттеу платформасын қалыптастыру үшін жоғары әлеуетке ие.

Медициналық білім беру мен ғылыми зерттеулердегі негізгі әлемдік трендтердің біріне айналған жаңа буын мамандарын даярлау кезінде инженерлік және медициналық құзыреттерді біріктірудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Ресми кездесу шеңберінде бірлескен/қосарлы білім беру бағдарламасын іске асыру туралы келісімге, сондай-ақ бірлескен халықаралық зертхана құру туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Екі тараптың өкілдері қол жеткізілген уағдаластықтар ниет туралы ресми меморандум емес, таяу болашақта бірлескен жұмыс үшін негіз болып табылатынын атап өтті.

Келіссөздер шеңберінде медицинадағы жасанды интеллект, биомедициналық инженерия, цифрлық диагностикалық платформалар, медициналық деректерді талдау, шешім қабылдауды қолдаудың зияткерлік жүйелері және диагностиканың қазіргі заманғы технологияларын әзірлеу саласындағы зерттеулерді жүргізуді қоса алғанда, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметінің перспективалары талқыланды.


Бағдарламаның маңызды бөлігі Mindray компаниясының тұсаукесері және индустриялық әріптестермен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылау болды. Mindray өкілдері бірлескен білім беру бағдарламасының жоғары әлеуетін атап өтті және жабдықтар, модельдеу технологиялары мен кадрлар даярлау мәселелерін қоса алғанда, оны дамытуда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Бұл кездесу медицина, ғылым және цифрлық технология саласындағы пәнаралық жобаларға берік негіз қалады.


13

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.05.2026
Жарияланды: 13.05.2026
Жарияланды: 12.05.2026
Жарияланды: 09.05.2026
.
Жарияланды: 07.05.2026
.
Жарияланды: 06.05.2026
Жарияланды: 01.05.2026
.