Жаңалықтар

Қарағанды медицина университетінің делегациясы РФ ДСМ Қазан ММУ-де болды
Қарағанды медицина университетінің делегациясы РФ ДСМ Қазан ММУ-де болды
19 May 2026

ҚМУ Басқарма Төрағасы - Ректоры Б.Н. Көшерова, ҚМУ клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі Ш.С. Қалиева РФ ДСМ Қазан ММУ-де болды.

Сапар барысында Қарағанды делегациясы Ресей ДСМ Қазан ММУ ректорының м.а. А.З. Фарраховпен, РФ ДСМ халықаралық ынтымақтастық және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Э.Ф. Салаховпен кездесті.

Ағымдағы оқу жылында (2025-2026 жж.) университеттер «Емдеу ісі» және «Медицина» мамандықтары бойынша бірлескен екі дипломдық білім беру бағдарламасын іске асырады. Бұл Қазақстанның да, Ресейдің де стандарттарына сәйкес келетін бірегей бағдарлама.

- Біздің жоғары оқу орындарында мамандар даярлауда ғана емес, бірлескен ғылыми зерттеулерде, жарияланымдарда, диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізуде ынтымақтастықты дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар. Біз отандық медицинаның жоғары деңгейін мақтан тұтамыз және біздің серіктестігіміз екі тараптың орнықты дамуы үшін берік негіз болатынына сенімдіміз, - деп атап өтті Б.Н.Көшерова.


Жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы 6 шарт жасалды.

- Мен Басқарма Төрағасы - Ректор Б.Н.Көшерова бастаған ҚМУ делегациясының біздің университетке келгеніне өте ризамын. Біз бірегей, керемет жобаның басында тұрмыз. Бұл біздің жоғары оқу орындарымызға жақсы, бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін жоба. Бұл жобаны іске асыру үшін біріктірілуі тиіс екі команда үшін сынақ. Осының нәтижесі болашақ дәрігерлер үшін Қазақстанда да, Ресейде де жұмыс істейтін дипломға ие болу мүмкіндігі болмақ, - деп атап өтті А.З. Фаррахов.

РФ ДСМ халықаралық ынтымақтастық және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Э.Р. Салахов:

- Екі жоғары оқу орнының бірлескен ынтымақтастығы Ресей мен Қазақстан халықтарының денсаулығын сақтау жөніндегі біздің әлеуетімізге әсер етеді.

Тараптар қос диплом бағдарламасын іске асыруды талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша университеттер арасындағы одан арғы ынтымақтастық векторлары белгіленді.

Сапар барысында ҚМУ өкілдері өңірдегі клиникалық кафедралардың, білім беру, симуляциялық, кадаверлік орталықтардың, медициналық ұйымдардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, делегация жоғары оқу орнының 212 жылдығына арналған РФ ҚММУ Ғылыми кеңесінің салтанатты отырысына қатысты.

ҚМУ Басқарма Төрағасы - Ректоры "Медициналық білім: XXI ғасырдың ұрпақтарын таңдау" атты XII Халықаралық оқу-әдістемелік конференция "Қазақстандағы кардиологтарды даярлау жүйесін трансформациялау

(Қарағанды облысының медицина университеті) отырысына қатысты.



24

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 13.05.2026
Жарияланды: 12.05.2026
Жарияланды: 09.05.2026
.
Жарияланды: 07.05.2026
.
Жарияланды: 06.05.2026
Жарияланды: 01.05.2026
.