Жаңалықтар
Қарағандыда «#Медицинскийнехакатон» олимпиадасы өтті
2026 жылғы 17 сәуірде Қарағанды қаласындағы IT-hub «Терриконовая Долина» алаңында Гематология орталығы мен Қарағанды медицина университетінің ұйымдастыруымен ҚМУ студенттеріне арналған «#Медицинскийнехакатон» олимпиадасы өтті.
Іс-шараға 4–7 курс аралығындағы 30 студент қатысты. Олимпиада гематология резидентурасының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тургунова Л.Г., дәрігер-гематологтар, сондай-ақ « Ересектер гематологиясы» мамандығы бойынша 1 курс дәрігер-резиденттері Газетдинов Ф.Я. және Жунусова Б.Р.-дың қатысуымен ұйымдастырылды.
Бағдарлама екі кезеңнен тұрды:
• I кезең — квиз
• II кезең — клиникалық кейстерді шешу
Олимпиаданың абсолютті жеңімпазы — «Терапия» мамандығы бойынша 6 курс интерні Жайшибекова Назерке.
Барлық қатысушылар сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.