Жаңалықтар

Қазақстан Конституциясы – ұлтаралық келісімнің кепілі
Қазақстан Конституциясы – ұлтаралық келісімнің кепілі
13 May 2026
2026 жылғы 8 мамырда «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы «Қазақстан Конституциясы – ұлтаралық келісімнің кепілі» тақырыбында тұрақты интерактивті «Жаңғыру жолы» семинарын өткізді.
Семинар модераторлары ретінде С.А. Никифорова мен А.С. Ламанова сөз сөйледі. Семинардың мақсатты аудиториясы Қарағанды медицина университеті мен Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті студенттері болды.



Семинарда Вилен Борисович Молотов-Лучанский — медицина ғылымдарының докторы, «ҚМУ» КеАҚ профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі сөз сөйлеп, семинар қатысушыларына Қазақстанның жаңа Конституциясының негізгі ережелері, ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын конституциялық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы баяндады.
Іс-шараға қатысушылардың барлығы семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, оның танымдық әсері мен практикалық маңызы зор болғанын атап өтті. Баяндамалар аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Әсіресе, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды политехникалық университеті орыс тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі Ж.А. Азимбаева мен осы кафедраның аға оқытушысы Т.В. Тимохина-ның баяндамалары өте қызықты болды.

ҚМУ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушылары

7

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 13.05.2026
Жарияланды: 12.05.2026
Жарияланды: 09.05.2026
.
Жарияланды: 07.05.2026
.
Жарияланды: 06.05.2026
Жарияланды: 01.05.2026
.