Жаңалықтар
Студенттерімізді мақтан тұтамыз
29 April 2026
2026 жылғы 22 сәуірде Қарағанды медициналық университетінің командасы «Prognosis positive» «Медицина» білім беру бағдарламасының 5 курс студенттері құрамында Доса-нова Амина, Ахметова Карина және Толегенов Санжар, ішкі аурулар кафедрасының ас-систент-профессоры Хохлова Ю.А. жетекшілігімен И.И. Мечников атындағы солтүстік-батыс мемлекеттік медицина университетінің базасында халықаралық қатысумен Санкт-Петербург қ. ішкі аурулар пропедевтикасы бойынша IV Бүкілресейлік олимпиадаға қатысты. Біздің команда 80 қатысушы команданың ішінен Қазақстан мен Ресейдің үздік 12 ко-мандасының тізіміне кіріп, олимпиаданың бірінші кезеңінде тамаша нәтижелер көрсетті.
Олимпиаданың екінші кезеңі жоғары бәсекелестік жағдайында өтті және пациенттерді физикалық тексеру дағдыларын көрсетуді, студенттердің теориялық дайындығы мен клиникалық ойлау деңгейін бағалауды қамтыды.
Біздің студенттер физикалық зерттеу дағдыларын өте жақсы меңгергендіктерін, тера-певтік бейін пәндері бойынша теориялық даярлықтың жоғары деңгейін, клиникалық ой-лауды, сондай-ақ тамаша командалық жұмысты көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша «Prognosis positive» командасы үздік командалардың бестігіне енді. Студенттердің жұмысын сарапшылар қазылар алқасы жоғары бағалады.
Студенттерімізді мақтан тұтамыз және оларға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз.
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
29.04.2026
Жарияланды:
27.04.2026
Жарияланды:
27.04.2026
Жарияланды:
27.04.2026
Жарияланды:
27.04.2026
Жарияланды:
24.04.2026
Жарияланды:
21.04.2026
Жарияланды:
21.04.2026
Жарияланды:
21.04.2026
Жарияланды:
21.04.2026
Жарияланды:
20.04.2026
Жарияланды:
20.04.2026
Жарияланды:
14.04.2026
Жарияланды:
13.04.2026
Жарияланды:
12.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
10.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
09.04.2026
Жарияланды:
08.04.2026