«Медицина және экология» журналы

Тоқсан сайынғы рецензияланған ғылыми-практикалық басылым

Тургунова Людмила Геннадьевна
Бас редактор
+7 7212 503930, ішкі.1461

1996 жылы негізі қаланған.

Миссиясы – жарияланған материалдардың жоғары сапасын қамтамасыз ету.

Журналдың негізгі тақырыптық бағыты – ғылыми нәтижелер, ғылыми дәрежеге үміткер диссертациялық зерттеулер. Сондай-ақ, клиникалық, практикалық, теориялық және эксперименттік медицинаның әртүрлі мәселелері, денсаулық сақтауды ұйымдастыру, тарихы және экономикасы, экология мен гигиена, медициналық және фармацевтикалық білім беру мәселелері, тәжірибеден алынған бақылаулар туралы мақалалар жарияланады.

Құрылтайшысы – Коммерциялық емес акционерлік қоғам «Қарағанды медициналық университеті».

Журнал өз жұмысында медициналық журналдардың редакторларының халықаралық комитеті (ICMJE) және ғылыми жарияланымдар этикасы жөніндегі халықаралық комитетінің (Committee on Publication Ethics – COPE) ұсынымдарында баяндалған редакциялық этика принциптерін қатаң сақтауды ұстануға тырысады.

«Медицина және экология» журналы 2017 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінде тіркелген. Мемлекеттік тіркеу нөмірі – 16469-Ж, ISSN 2305-6045 (баспа түрінде), ISSN 2305-6053 (онлайн), жазылу индексі – 74609.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 368 бұйрығына сәйкес, «Медицина және экология» тоқсан сайынғы рецензияланатын ғылыми-тәжірибелік журналы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті негізгі ғылыми нәтижелерді жариялау үшін ұсынған басылымдар тізбесіне енгізілген.

Журнал ҚазҰАБ, eLibrary, CyberLeninka, GoogleScholar, ROAR, OpenDOAR, research4life жүйелерінде индекстелген.

Журнал Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электронды кітапханасына, Қазақстан Республикасының Республикалық аралық жоғары оқу орындары электронды кітапханасына енгізілген, сондай-ақ Қарағанды медициналық университетінің репозиторийінде және VseNauki платформасында орналасқан.

Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде отандық және шетелдік авторлармен жарияланады.

Әр мақалаға журнал мазмұны мен интернеттегі сілтемелерді бірегей және тұрақты онлайн сәйкестендіруге арналған DOI – цифрлық объект идентификаторы беріледі.

Таралым – 300 дана.

Журнал