Түлектер қауымдастығы
"ҚМУ түлектерінің қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі – пікірлестер қауымдастығы.
2014 жылы құрылған.
1955 ж.
Бірінші шығарылым
46 295
Түлек
Мақсаттар:
- Университеттің мемлекеттік және халықаралық деңгейде беделін нығайту, оның ғылыми, білім беру және педагогикалық әлеуетін дамыту;
- Қауымдастық мүшелерінің кәсіби бірлігі, тәжірибе алмасу, шығармашылық және ғылыми әлеуетін іске асыру мақсатында ҚМУ түлектері үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- Бірлестік мүшелерінің, сондай-ақ қызметі қоғамдық игіліктерге қол жеткізуге және ғылым мен білім беру саласындағы қоғамның мүдделерін ілгерілетуге бағытталған адамдардың әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру, ғылыми қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- ҚМУ дәстүрлерін қолдауға және сақтауға жәрдемдесу;
- Медициналық білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға белсенді қатысу.
Тапсырмалар:
- ҚМУ түлектері арасында тұрақты кәсіби өзара іс-қимыл жасау;
- ҚМУ түлектеріне олардың жеке және кәсіби өсуіне жәрдемдесу;
- ҚМУ түлектері туралы ақпараттық деректер банкін құру және тұрақты жаңарту;
- Студенттерді кәсіби даярлауға жәрдемдесу ("дөңгелек үстелдер", шеберлік сыныптары, конференциялар, практикалар, тағылымдамалар, шетелде оқыту);
- Шетелде жұмыс істейтін ҚМУ түлектерімен тәжірибе алмасу және байланыс орнату;
- ҚМУ материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмек көрсету;
- "ҚМУ түлектері қауымдастығының"жұмысы туралы өзекті жаңалықтарды орналастыра отырып, сайтты құру және сүйемелдеу;
- Түлектердің кездесулерін ұйымдастыру, бірлескен мерейтойлық іс-шараларды өткізу, корпоративтік кездесулер мен бірлескен демалыстарды ұйымдастыру.