Жаңалықтар

2025 жылдың «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері байқауының қорытындысы шығарылды
2025 жылдың «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері байқауының қорытындысы шығарылды
27 April 2026

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдарды көтермелеу және жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында «2025 жылдың «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері» байқауын өткізді, ол Ғылым қызметкерлері күніне орайластырылған.

Байқауға ғылыммен белсенді айналысатын «ҚМУ» КеАҚ штаттық қызметкерлері шақырылды, байқау екі номинация бойынша өткізілді: «Үздік ғалым» және «Үздік жас ғалым».

Байқауға барлығы 16 өтінім түсті: «Үздік ғалым» номинациясы бойынша – 10 өтінім, «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша – 6 өтінім.

«ҚМУ» КеАҚ «Үздік ғылыми қызметкері» жыл сайынғы байқауын ұйымдастыру және өткізу туралы Ережеге сәйкес (20 қаңтар 2025 жылғы ҚМУ КеАҚ Сенатының шешімімен бекітілген), Байқау комиссиясы (№166 бұйрық, 16.04.2026 ж.) және Апелляциялық комиссия (№165 бұйрық, 16.04.2026 ж.) құрылды.

2026 жылғы 17 сәуірде Байқау комиссиясының отырысы өтті, онда әрбір үміткердің берілген растайтын материалдары мен құжаттары ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштеріне сәйкестігі тұрғысынан қаралды. Отырыс аяқталған соң, үміткерлердің берілген құжаттарының таңдалған көрсеткіштерге сәйкестігін тексеру нәтижелері әрбір үміткердің корпоративтік электрондық поштасына жіберілді.

2026 жылғы 20-22 сәуір аралығында әрбір үміткерге Байқау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда Апелляциялық комиссияға өтініш беру мүмкіндігі берілді. Апелляциялық комиссияға өтініштер түскен жоқ.

 

2025 жылдың «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Үздік ғылыми қызметкері байқауының үміткерлерінің ғылыми жетістіктерді бағалау көрсеткіштері бойынша соңғы баллдары бойынша рейтінгтік тізімі

 

Үміткердің толық аты-жөні

Байқау комиссиясының шешімі бойынша

«ҮЗДІК ҒАЛЫМ» номинациясы бойынша

1.  

Левая Яна Константиновна                             

126,5 баллдар

2.  

Киспаева Токжан Тохтаровна

86,2 баллдар

3.  

Кишкентаева Анаркуль Сериковна            

79 баллов

4.  

Такуадина Алия Ибрагимовна

72,21 баллдар

5.  

Мусабекова Сауле Амангельдиевна

65 баллдар

6.  

Лавриненко Алена Владимировна

58 баллдар

7.  

Кумар Пунит

55 баллдар

8.  

Каюпова Гаухар Сериковна

44,57 баллдар

9.  

Омаркулов Бауыржан Каденович

31,66 баллдар

10.            

Оразгалиева Гульфарида Шамсуловна

17 баллдар

«ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ» номинациясы бойынша

1.               

Бадекова Каракоз Жаиловна

101,5 баллдар

2.               

Огизбаева Алина Виталиевна

85,7 баллдар

3.               

Рашова Мадина Ганикызы

77,75 баллдар

4.               

Болатова Жанерке Ерлановна

70,71 баллдар

5.               

Жамантаев Олжас Кенжегалиевич

66,99 баллдар

6.               

Ердесов Нурбек Жаркинович

25,4 баллдар

 

Жеңімпаздарды марапаттау 23 сәуірде Сенаттың кезекті отырысында өтті.

 

8

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.04.2026
Жарияланды: 12.04.2026
.