Жаңалықтар

2026-2028 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді ЖОО ішілік гранттық қаржыландыру байқауының нәтижесі
2026-2028 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді ЖОО ішілік гранттық қаржыландыру байқауының нәтижесі
27 April 2026

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-да 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді ЖОО ішілік гранттық қаржыландыруға байқау өткізілді.

2026 жылғы 10 ақпан мен 6 наурыз аралығында байқауға жалпы 21 өтінім түсті. Өтінімдер келесі бағыттар бойынша бөлінді:

·       Қатерлі ісіктерді емдеудегі жаңа терапиялық нысандар – 2 өтінім;

·       Білім беру мен медицина салаларында жасанды интеллектті пайдалану – 3 өтінім;

·       ҚР ғылымын дамытудағы басым бағыттарға сәйкес басқа да бағыттар – 16 өтінім.

2026 жылғы 6-20 наурыз аралығында жобаларға техникалық сараптама жүргізілді.
20 наурыз бен 19 сәуір аралығында 19 жоба Ғылыми комитеттің қарауына жіберілді.

Ережеге сәйкес, бірдей ұпай жинаған өтінімдер Басқарма отырысының қарауына қосымша ұсынылып, ұсынылған жобалар өзекті, қолданбалы маңызы бар және университет үшін практикалық қызығушылық тудырады деп танылып, оларды қаржыландыру туралы түпкілікті шешім қабылданды.

Байқау қорытындысы бойынша қаржыландыруға ұсынылған өтінімдер:

Бағыты

Өтінім атауы

Ұпай

Қатерлі ісіктерді емдеудегі жаңа терапиялық нысандар

Қуық асты безі қатерлі ісігінің үдемелі дамуы кезіндегі биохимиялық маркерлерді анықтау

78

Білім беру мен медицина салаларында жасанды интеллектті пайдалану

Антибиотикорезистенттілікті және рационалды антибиотикотерапияны таңдауды болжаудың машиналық жүйесін әзірлеу

74

ҚР ғылымын дамытудағы басым бағыттарға сәйкес басқа да бағыттар

Табиғи циклдер мен бақыланатын овариальды стимуляция кезіндегі эндометрий өзгерістерін, эстрадиол, прогестерон деңгейін және LIF экспрессиясын салыстырмалы бағалау

76

ҚР ғылымын дамытудағы басым бағыттарға сәйкес басқа да бағыттар

Қарағанды облысында ауруханадан тыс және ауруханаішілік ортада колистинге төзімді шартты-патогенді энтеробактерияларды скринингтеу

76

ҚР ғылымын дамытудағы басым бағыттарға сәйкес басқа да бағыттар

Постковидтік синдром кезіндегі жүйелік бұзылыстардың патогенетикалық механизмдерін бағалау (эксперименттік зерттеу)

76

ҚР ғылымын дамытудағы басым бағыттарға сәйкес басқа да бағыттар

Латын тілінен қазақ тіліне анатомиялық терминдерді аудару ерекшеліктері және олардың кәсіби дискурста қолданылуы

76

ҚР ғылымын дамытудағы басым бағыттарға сәйкес басқа да бағыттар

Хроматографиялық әдістерді таңдауға арналған тар мамандандырылған тілдік модельді әзірлеу

74

 

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

8

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.04.2026
Жарияланды: 12.04.2026
.