Жаңалықтар
Физиологиялық эксперименттік модельдердің көрмесі
14 May 2026
Физиология кафедрасының СҒҮ-сі қауымдастырылған профессор Чергизова Б.Т. жетекшілігімен 2026 жылғы 8 мамырда «Физиологиялық эксперименттік модельдердің көрмесі» өткізілді. Аталған іс-шарада 1–2 курс студенттері өздерінің практикалық дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін және өнерлерін көрсетті. Жәрмеңкеде адам ағзасының әртүрлі жүйелеріне арналған 7 макет ұсынылып, оларды өкілді қазылар алқасы түрлі критерийлер бойынша бағалады. Қазылар алқасы Морфология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Наурызов Н.Н., Медицина мектебінің деканы к.м.н. Бокаева А. Б., Морфология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мухамеджанова З.Т. студенттердің еңбектерін жоғары бағалап, оларды дипломдармен марапаттады.
Гран-при жүлдесін 2003 топ студенті Құрманғазы Баршын «Жүрек-қантамыр жүйесін» таныстырғаны үшін иеленді.
«Көрермен көзайымы» номинациясын «Зәр шығару жүйесі» макеті 1037топ студенттері Мешітбаев Расул мен Артыкбаева Даяна марапаталды.
«Үздік дизайн» номинациясын «Тыныс алу жүйесі» макеті 2026 топ студенті Серікбай Қымбат алды.
«Үздік ғылыми идея» номинациясы «Жүйке жүйесі» 1002 және 1037 топ студенттері — Қуаныш Асан мен Оразали Бекасылға табысталды.
Жүлделі орындарды ең қызықты модельдер мен ең ақпараттылығы жоғары физиологиялық жүйелер алды.
І орын «Эндокриндік жүйе» макеті 2016 топ студенті Бөрібай Зарина және 2024 топ студенті Ахан Бибібәтимә.
ІІ орын «Ас қорыту жүйесі» макеті 2016 топ студенттері Әбсұлтан Қалижан мен Болсынбек Гаухар.
ІІІ орын «Дәм сезу анализаторы» макеті 1003 топ студенттері Асылтаев Мансур, Алмасқызы Анила, Нұрланқызы Диана, Тажикулов Хамза.
Байқау студенттердің физиологиялық механизмдер мен ағза жүйелерінің қызметін терең түсінетінін ғана емес, сонымен қатар өз жұмыстарын аудитория алдында сауатты түрде таныстыра алу қабілеттерінің жоғары екенін көрсетті. Студенттер іс-шараға белсенді қатысты.
Жәрмеңке Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылғандықтан, 1037 топ студенттері Отан қорғаушыларына арналған символикалық шағын қойылым дайындап, оны барлық қатысушылар Бір минут үнсіздікпен қолдады. Ал 1003 топ студенттері қызықты флешмоб пен ән дайындады.
Қауымдыстырылған профессор Чергизованың Б.Т. бастамасымен 1-2 курс студенттеріне үшін «Жүрек-қан тамыр жүйесі» бойынша Журнал 1-шығарылымы әзірленді. Сондай-ақ, СНК қатысушылары 2025-2026 жылдары үйірме жұмысына белсене қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Жәрмеңке өте әдемі, әсерлі әрі көтеріңкі көңіл күйде өтті. Студенттер үшін болашаққа деген мақсат пен интеллектуалдық деңгейін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашылды!
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
14.05.2026
Жарияланды:
13.05.2026
Жарияланды:
13.05.2026
Жарияланды:
12.05.2026
Жарияланды:
09.05.2026
Жарияланды:
08.05.2026
Жарияланды:
07.05.2026
Жарияланды:
06.05.2026
Жарияланды:
06.05.2026
Жарияланды:
04.05.2026
Жарияланды:
04.05.2026
Жарияланды:
01.05.2026
Жарияланды:
29.04.2026
Жарияланды:
27.04.2026
Жарияланды:
27.04.2026
Жарияланды:
27.04.2026
Жарияланды:
27.04.2026
Жарияланды:
24.04.2026
Жарияланды:
21.04.2026
Жарияланды:
21.04.2026