Жаңалықтар
Ғылым қызметкерлері күніне орай, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ қабырғасында 2026 жылдың 29-қаңтары және 21-сәуірі аралығында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы Республикалық конкурсының I (ЖОО ішіндегі) кезеңі (бұдан кейін – СҒЗЖ конкурсы) өтті. СҒЗЖ конкурсының I кезеңі бойынша ең үздік деп табылған жұмыстар келесідей орындарға ие болып, іріктеуден өтті және конкурстың Республикалық кезеңіне жолданды:
«Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасы бойынша:
I орынды «Әлеуметтік медианы қолдану жиілігінің медицина факультеті студенттердің психикалық денсаулығына әсері» жұмысымен 3 курс студенттері – Әбдімаулен Інжу, Омарова Аружан иеленді.. Ғылыми жетекшісі: Болатова Ж.Е.;
II орынды «Жеке дәрі қабылдау кестесі» жұмысымен 4 курс студенті – Қасым Ілияс иеленді. Ғылыми жетекшісі: Жаналина Г.А.
«Медико-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасы бойынша:
I орынды «Студенттердің өз бетінше емделуге бейімділігі: негізгі себептер мен факторлар» жұмысымен 2 курс студенті – Есентаева Индира иеленді. Ғылыми жетекшісі: Болатова Ж.Е.;
II орынды «Қарағанды қаласы балалардың сенсорлық профилінің гигиеналық және әлеуметтік аспектілерін зерттеу» жұмысымен 3 курс студенті – Миненко Анна иеленді. Ғылыми жетекшісі: Нукештаева К.Е.;
III орынды «Қарағанды медицина университеті студенттерінің антибиотикке төзімділік (антибиотикорезистенттілік) туралы білім деңгейі мен хабардарлығын бағалау» жұмысымен 2 курс студенттері – Савриева Сабина, Рашитова Лейла, Байботчаева Кристина иеленді. Ғылыми жетекшісі: Каюпова Г.С.
«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша:
I орынды . «Лиофилизацияланған ешкі сүті мен қой плацентасының гидролизаты негізінде қорғаныштық регенеративті-қалпына келтіруші кремнің құрамын және алу технологиясын әзірлеу» жұмысымен 4 курс студенті – Ким Диана иелендіҒылыми жетекшісі: Атажанова Г.А.
«Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша:
I орынды «Эстафиатин туындысы молекуласының зерттелуі және молекулалық докингі» жұмысымен 2 және 5 курс студенттері – Базарбай Шымыр, Имантай Нұрғиса, Мұрат Сымбат, Есенжолова Жібек иеленді. Ғылыми жетекшісі: Махмутова А.С.
«Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы бойынша:
I орынды «Медициналық жоғары оқу орны студенттері арасында өз бетінше емделу үлгілерін, когнитивтік стимуляторларды қолдануды және иммунопрофилактикаға көзқарасты бағалау: кросс-мәдени зерттеу» жұмысымен 3 және 4 курс студенттері – Ермагамбетов Жандос, Нұрділдә Әмина иеленді. Ғылыми жетекшісі: Алшынбекова Г.К.
«Стоматология» білім беру бағдарламасы бойынша:
I орынды «Жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне түнгі уақытта жүгінудің әлеуметтік-демографиялық факторлары: пациенттердің мінез-құлық сценарийлерін талдау» жұмысымен 3 және 4 курс студенттері – Бримжан Меруерт, Шмидт Даниил, Сулейменова Аяулым иеленді. Ғылыми жетекшісі: Токбергенова А.Т.
Барлық жеңімпаздарды алған орындарымен құттықтаймыз және Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!