Жаңалықтар
Қарағанды медицина университетінің резиденттері Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы И. И. Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университеті базасында 2026 жылы 6 сәуір мен 17 сәуір аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысты.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына келесі мамандықтар бойынша резиденттер қатысты:
- «Ревматология (ересектер, балалар)» мамандығы — Шилов А.В.;
- «Кардиология (ересектер, балалар)» мамандығы — Бельгибаева М.Ж., Жагипарова М.Б.
Екі апталық тағылымдама барысында резиденттер заманауи медицина саласында құнды практикалық және теориялық тәжірибе алды. Оқу барысында олар науқастарды қарау, клиникалық талдаулар жүргізу жұмыстарына қатысып, өз мамандықтары бойынша әртүрлі аурулары бар науқастарды бақылау мүмкіндігіне ие болды.
Заманауи диагностика және емдеу әдістеріне, атап айтқанда электрокардиография, эхокардиография, зертханалық көрсеткіштерді интерпретациялау және стационар жағдайында пациенттерді жүргізу қағидаттарына ерекше назар аударылды («Кардиология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша резиденттердің кәсіби тәжірибесі).
Тағылымдама барысында қатысушылар білім беру іс-шараларына, ғылыми конференцияларға, дәрістерге және клиникалық жағдайларды талқылауға қатысып, бұл олардың кәсіби білімдерін тереңдетуге және клиникалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы резиденттерге әріптестермен тәжірибе алмасуға және кәсіби құзыреттерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Алынған білім мен практикалық тәжірибе олардың алдағы клиникалық қызметінде тиімді қолданылатын болады.

