Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Жатақхана чемпиондары
30 Қазан 2014
Ерубаев көш., 32 мекенжайы бойынша орналасқан футбол алаңында спорт секторына жауапты Бексұлтан Сұлтанбектің (2-032 топ) жетекшілігімен ҚММУ спорт клубы «Денсаулық Фестивалін» мерекелеуге арналған шағын-футбол бойынша турнир ұйымдастырылды. Турнирге жеті команда қатысты: «Молния”,”Техас”, ”Звезда”, ”Қыран”, ”Ленгер”, ”Легион” және ”Алаш”.
«Ересек жастағы және балалық жастағы психиатрияда интегративті жүйелік отбасылық психотерапевттік тәсіл»
29 Қазан 2014
20.10.2014-24.10.2014 ж. аралығында «Ересек жастағы және балалық жастағы психиатрияда интегративті жүйелік отбасылық психотерапевттік тәсіл» тақырыбы бойынша мастер-класс өткізілді. ҚММУ психиатрия және наркология кафедрасының меңшгерушісі, м.ғ.к., доцент Любченко М.Ю. және кафедра ассистенті Столярова В.В. матер-классты дайындап өткізді.
Ардагерлермен кездесу
29 Қазан 2014
«Келешек үшін алғыспен.....» 21.10.2014 ж. сағ. 18:30 № 3 жатақханада онкология кафедрасының доценті, біздің университетіміздің ардагері Тургунов Мейрам Байзрахмановичпен кездесу өтті. Бұл кездесуде ардагеріміз студенттерге өзінің өмірі жайлы, университеттегі оқуы мен еңбек қызметі жайлы әңгіме қылды.
Танысу күні
29 Қазан 2014
Қазанның 25 жұлдызы, сенбі күні «Профилактикалық медицина, биология және фармация» факультетінің Студенттердің өзін-өзі басқару комитеті, академиялық ұтқырлықпен басқа университеттерден келген студентермен бірінші курс студенттеріне арналған «Танысу күнін» өткізді. Студенттердің өзін-өзі баскару комитеті деканатпен бірге арнайы университет қонақтары мен бірінші курс студенттеріне дайындалған көңіл көтеру бағдармаласын дайындап, өткізді.
ТМД елдеріфизиологтарының IV құрылтайы
28 Қазан 2014
XXII қысқы олимпиада ойындарының астанасы Сочи қаласында «Дагомыс» қонақ үйі базасында 2014 жылдың 8 мен 12 қазан аралығында ТМД елдері физиологтарының IV құрылтайы өтті.
Үндістаннан келген студенттер Дивали ұлттық мейрамын атап өтуде...
28 Қазан 2014
Үндістан – мейрамдар елі. Қазанның 23-нен 28-ші жұлдызына дейінгі аралықта дүние жүзінің үнді халқы өздерінің ұлттық мейрамдарының ішіндегі негізгісі – «От фестивалі» атымен де әйгілі Дивали мерекесін тойлайды. Ертеде аталған мейрам күзгі астық жинаумен тұспаланса, қазіргі таңда бұл мейрамды жаңа жыл мейрамы деп те атайды.
«Біз жарқын өмірді таңдаймыз!»
28 Қазан 2014
16-қазан күні №2 балалар аурулар кафедрасында оқытушы К.Ж.Алимшаихинаның жетекшілігімен «Біз жарқын өмірді таңдаймыз!» атты мерекелік шара өткізілді. Жалпы медицина мамандығының 4-007 тобының студенттері бейнетаспа, көрініс арқылы салауатты өмір салтына деген өз көзқарастарын білдірді.
Күзгі саяхат
27 Қазан 2014
19.10.14 ж. күні «Ақжүніс» клубының мүшелері Қарағанды қаласының орталық саябағында болып қайтты. Саябақта клуб мүшелері серуендеп, қолдан әртүрлі бұйымдар мен суреттер жасау үшін күзгі әдемі жапырақтар жинап, таза ауада, бассейннің айналасында велосипед теуіп, көңіл көтерді.
Әскери-дәрігерлік сараптама бойынша мамандардың біліктілігін арттыру
27 Қазан 2014
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің үздіксіз кәсіби дамыту факультетінде, әскери кафедра базасында әскери бөлімшелер мен Қазақстан Республикасы қарулы құрылымдарының емдеу мекемелері әскери-дәрігерлік комиссияларының (ӘДК) бастықтары (төрағалары), орынбасарлары мен дәрігер-мамандарына арналған «Әскери-дәрігерлік сараптама өткізудің ерекшеліктері» циклы бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілді.
Қазақша сөйлейік!
24 Қазан 2014
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекеттік тіл –ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс» - деп атап өткендей, Қазақстан өзінің тәуелсіздік туын тіккелі бері, мемлекеттік тілдің елімізде жүйелі түрде дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді.