Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Колопроктологиядағы бейнеэндоскопиялық операциялары.

Колопроктологиядағы бейнеэндоскопиялық операциялары.

07 Қараша 2014

Медицинаның қазіргі заманғы даму сатысында, колоректальды хирургиядағы ішек жолдарының аурулары шешілмеген мәселелердің бірі болып табылады. Диагностикалаудағы елеулі жетістіктіктерге, және де тиімді дәрі-дәрмекті препараттардың қолданылуына қарамастан, ішек жолдарының патологиясы бар науқастарды хирургиялық жолмен емдеу мәселелері өзекті болып қалуда. Ішек жолдарының ауыр патологияларымен науқастарға жоғары технологиялы эндоскопиялық операцияларды қолдану операциядан кейінгі кезеңді жеңілдетуге және қалпына келтіруді жақсартуға мүмкіндік береді.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің №1 хирургиялық аурулары кафедрасының клиникасында ендірілген оқу бағдарламасын және ҚР инновациялық патенттерді жүзеге асыру мақсатында 2014 жылдың 13-17 қазан аралығында колоректальды хирургиядағы эндоскопиялық технологиялар бойынша мастер-класс өткізілді.

Дәріскерлер ретінде И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік университетінің кәсіптік дипломнан кейінгі білім беру факультетінің колопроктология және эндоскопиялық хирургия кафедрасының меңгерушісі, профессор П.В. Царьков, ҚР Президентінің жүмыстарын басқару клиникасының бас хирургы профессор С.И. Токпанов, ҚММУ №1 хирургиялық аурулары кафедрасының меңгерушісі  профессор Қ.Т. Шакеев шықты.

Мастер-класс барысында хирургиядағы эндоскопиялық технологиялар бойынша «Karl Storz» фирмасының оқу симуляторларында оқыту тренингі өткізілді. Мастер-класс қатысушылары бейнеэндоскопиялық хирургиядағы негізгі дағдыларды қажетті көлемде оқып уйренуге мүмкіндік алды. 

  Мастер-класс жұмысы барысында емдеу-диагностикалық тактиканы анықтау мақсатында ішек жолдарының стандартты емес және асқынған патологияларымен 10 науқасқа консультация жүргізілді. Аталған науқастар профессор П.В.Царьковпен бірге талқыланды және екі науқасқа оперативті емдеу көрсеткіші қойылды. Бірінші көлденен және тік ішектің тотальды зақымдалған ерекшелігі жоқ жаралы колиттің  ауыр түрімен ауырған науқасқа илеоанальды анастомоз қалыптастырумен және илеорезервуармен тотальды колэктомия көлемінде бейнеэндоскопиялық операция жасалды. Осы түрдегі операция ауыр, көлемді операциялар санатына жатады және Қазақстанда алғаш рет жасалынып отырғанын, айта кеткен жоқ.

Келесі құрсақ қуысының айқын жабыспа процесі фонындағы, сигма тәрізді ішектің комбинирленген зақымдалуымен, полипозбен және дивертукулезбен науқасқа механикалық колоректальды анастомоз қалыптастырумен, циркулярлы тігіс салатын «Covidien» аппаратымен лапароскопиялық гемиколэктомия операциясы жасалды.

  Мастер-класс барысында жасалынған барлық операциялар, операция бөлімшесінен аудиторияға трансляция жасалынды, ол жерден модераторлар кафедра доценті Б.А. Бегежанов және профессор С.И. Токпанов тарапынан  операция барысына online түрде жан-жақты талқылау жүргізілді, бұл тәжірибелік дәрігерлер, резиденттер және студенттерден тұратын мастер-класс қатысушыларына операция барысына толық көлемде бақылауға мүмкіндік берді. Мастер-класстың негізгі кезеңі болып әрбір жүргізілген операцияны талқылау болды, онда техникалық мүмкіндіктері, қауіптері, қателіктері және де оларды шешу мәселелері қарастырылды.

Мастер-класс барысында келесі дәрістер оқылды: профессор С.И.Токпанов «Лапароскопиялық хирургиядағы жаңа технологиялар»; профессор Қ.Т.Шакеев «Ісіктік емес патология кезіндегі тоқ ішек резекциясының бейнелапароскопиялық техникасы»; профессор П.В.Царьков «Тоқ ішекке жасалатын эндоскопиялық операциялардың қауіптері мен асқынулары» және «Бейнеэндоскопиялық технологиялар көмегімен тік ішектің алдыңғы резекциясының ерекшеліктері».

Осы түрдегі оқыту шараларын өткізуден тоқ ішектің патологиялары бар науқастарды емдеу әдістерін дамытуға жақсы жағынан әсер етеді және қазіргі кездегі операцияларды жүргізуде бағалы тәжірибе алуға және осы санаттағы науқастарды өмірінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

№1 хирургиялық аурулар кафедрасы


0
18951

пікірлер

пікір қалдыру үшін.