Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мәңгілік есімізде қалсын...

Мәңгілік есімізде қалсын...

07 Қараша 2014

  Біздің университетімізге қанша адамдар үлес қосқаны туралы ойландыңыз ба?

  «Фармация» мамандығының 2-003 және 2-004 топтарына университетіміздің тарихына  үңілуге, ректорлар, профессорлар және мұғалімдер жайлы білуге, оларды еске алуға керемет мүмкіндік берілді. Ескі Михаиловка зиратына барудың негізгі мақсаты – ҚММУ негізін қалаушы – Петр Моисеевич Поспеловты еске алу. Ол 24 жылдай ректор болды. Туған күніне орай (ол 1903 жылы 6-қарашада дүниеге келді) біз ол кісіні еске алып, бір минут үнсіздік арнадық және зираттағы жапырақтарды жинадық. Біздің алғысымыз шексіз, себебі, ол кісі қалаған университет бізді оқытады, тәрбиелейді және медицинаның болашағы біздің қолымызда.

  Алғашқы ректорға гүлді 2-003 тобының студенті Ольга Дрыгало қойып жатыр.

ҚММУ-дың үшінші ректоры, университетімізді 1984-1989 жылдары басқарған Николай Архипович Хлоповты үнсіздікпен еске алдық.

Орталық аллеямен кетіп бара жатып, биохимия кафедрасының негізін қалаған, кафедраны 35 жыл меңгерген, профессор – Валентина Иосифовна Якубовскаяның зиратына кеп тоқтадық.

Нормальды анатомия кафедрасының профессоры Залмон Гершенович Слободинға және оның жұбайы көз аурулары кафедрасының доценті Р.Н. Шапироға  басымызды идік.

Ұлы Отан соғысының ардагері, клиникалық жұмыс бойынша  проректор, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының доценті К.А. Антерейкин зиратына да бардық.

  Біз университет басшылығына және әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы Наиля Фуадбековнаға біздің университеттің тарихына үңілуге мүмкіндік бергендері үшін  алғысымызды білдіреміз.



0
19476

пікірлер

пікір қалдыру үшін.