Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дін және біз

Дін және біз

06 Қараша 2014

09.10.2014ж. сағат 16:00-деҚарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Жалпы медицина» мамандығының 1-курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесуді Студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі мен Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша комиссиясы ұйымдастырды. Берілген іс-шараға № 1 қалалық мешітінің наиб-имамы Х.Ж. Бейсембаев шақырылды.

Кездесудің басында тәрбие жұмысы бойынша Кеңесінің діни экстремизм және терроризмді алдын алу бойынша Комиссиясы төрағасы Т.В.Мустафина кездесудің мақсаты және тапсырмалары туралы ақпаратты жеткізді, адамдардың санасына, көбінесе қазіргі замандағы жастарға жалған-діни ағымдардың негативті ықпалы туралы айтты. Дәстүрлі емес діни ұйымдардың деструктивті оқуларынан сақтандыру мақсатында аталған ұйымдардың негізгі белгілері аталды.

Наиб-имам Х.Ж.Бейсенбаев, Әл-Фарабидің дәйексөзін келтіріп, мұсылманның маңызды талабы болып ғылымдарды зерттеу, білімдерді жинақтау табылатындығына студенттердің назарын аударды. Шетелдердің радикалды діни орталықтарының ықпалымен біздің еліміз аз-аздап діни мемлекет болып келе жатқаны туралы пікір қалыптасты. Берілген пікір шындықпен үйлеспейді. Мемлекет шекарасынан тыс шайқасты жерлерде біздің азаматтардың шығу мүмкіндігінің алдын алу мақсатында, дәстүрлі исламның құндылықтарын және мемлекет ішіндегі конфессияаралық келісімді кеңірек насихаттау қажет.

Студенттер жағынан «салаф» түсінігі туралы сұрақтар қойылды, оқушылар оқу кезінде намаз оқу туралы, исламда өлең тыңдау мүмкіндігіне рұқсат немесе тыйым туралы сұрақтар қойды. Наиб-имам Х.Ж.Бейсенбаев, хадистерге жүгіне отырып, сұрақтарға толық жауап қайтарды. Сонымен қатар оқушылар оқудан тыс уақытта ислам негізгі теологиялық аспектілерін зерттеу және түсіндіру бойынша сабақтарды өткізуге ұсыныс жасады.

Кездесу аяғында студенттерге Қазақстан Мұсылмандары рухани басқармасы, Қазақстан Республикасының Діни істер бойынша комитеті қолдаған діни әдебиеттер таратылды.

Тәрбие жұмысы бойынша Кеңесінің

Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша комиссиясы


0
18299

пікірлер

пікір қалдыру үшін.