Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазіргі неврология мен нейрооңалту: теория, тәжірибе, инновациялар

Қазіргі неврология мен нейрооңалту: теория, тәжірибе, инновациялар

06 Қараша 2014

2014 жылдың 6-7 қарашасында ҚММУ «Бүгінгі неврология  және нейрореабилитация: теория, тәжірибе, инновациялар» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция үлкен жетістікпен өтті.

Конференцияға қатысушылар – Қазақстанның барлық аймақтарынан, Мәскеуден, Санкт-Петербургтың барлық аймақтарының өкілдері – 250-ге жуық адам неврологиялық аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсету жүйесін жүзеге асыру мәселесін талқылады. Конференцияның тақырыбына аталған мәселеге байланысты жан-жақты өзекті пәнаралық мәселелер қосылды.

Конференция аясында Ресей мен Қазақстанның ғалымдары, жетекші мамандары: РЖҒА академигі, профессор А.И. Федин, профессор И.С. Преображенская, профессор Г.Е.Иванова, РФ ДМ бас реабилитологы, ГБОУ ВПО «И.М.Сеченов атындағы бірінші МММУ» доценті И.А.Строков, неврология кафедрасының меңгерушісі, профессор М.Г.Абдрахманова (Қарағанды), Г.А.Дущанова (Шымкент), С.У.Каменова (Алматы), Е.С.Нургужаев (Алматы), Г.С.Қайшибаева (Алматы), нейрохирургия кафедраларының меңгерушілер профессор Ж.С.Жанайдаров (Алматы), доцент Н.И. Тұрсынов (Қарағанды) баяндама жасады.

Баяндамалар аясында келесі негізгі тақырыптар талқыланды: когнитивтік және қозғалыстық бұзылыстарымен инсульт алған науқастарға неврологиялық көмек көрсету сапасын жақсарту, омыртқа және жұлын ми жарақаты және бас ми тамырының аневризмі бар науқастарды емдеудің жаңа хирургиялық әдістерін енгізу, сонымен қатар омыртқаның  мойын бөлігінде омыртқааралық жарықтар және Паркинсон ауруы, перинатальды неврология мен эпилептологияда емдеудің жаңа технологиясы талқыланды.

Баяндамалардың көбі әртүрлі неврологиялық аурулары бар науқастарды реабилитациялау мәселесіне арналды. Инсульт алған, оның ішінде когнитивті инсульт бұзылысымен науқастарды нейрореабилитациялауға арналған хабарлама ерекше назарға ие болды.

  Конференция аясында «Цереброваскулярлы патологиясы бар науқастарды нейрореабилитациялау» тақырыбында ҚММУ неврология кафедрасының қызметкерлері (профессор М.Г.Абдрахманова, профессор м.а. Т.Т.Киспаева, доцент Р.А.Беляев), сонымен қатар, РФ ДМ бас реабилитологы, ГБОУ ВПО Н.И.Пирогов атындағы РҒМУ, реабилитация және спорттық медицина кафедрасының профессоры Г.Е.Иванова жүргізген мастер-класс өтті. Мастер-класс сабағында цереброваскулярлы аурулар кезінде: реабилитациялық диагнозды бағалауды, пәнаралық ұжыммен жұмысты анықтау арқылы реабилитацияның қазіргі жаңа технологияны қолдану мәселесі талқыланды.

  Мастер-класс тыңдаушыларына тек дәрістік материал ғана емес және слайд түрінде тәжірибелік сабақтар, цереброваскулярлы патологиямен науқастарды ерте реабилитациялаудың әртүрлі әдістемесі бойынша тренинг өткізілді.

  Алған бағыт пен қабілеттер цереброваскулярлы патологиямен науқастарға ерте реабилитациялауды жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  Мастер-классқа қатысушылар 88 адам болды, арасында тәжірибелік денсаулық сақтау дәрігерлеріде қатысты: Қарағанды қаласының невролог дәрігерлері (ОМО, ҰО ГЕ және ҚА, проф. Х.Ж.Мақажанов атындағы ТО ОО, емхана және госпиталь «Гиппократ», ОКА, №№1,3,4,5 Емханалар) және басқада қаладан  (Алматы, Астана, Жезқазған, Теміртау, Абай, Көкшетау);  терапевттік профиль мамандары (реабилитолог, физотерапевт, психиатр дәрігерлер және т.б.) және ҚММУ қызметкерлері (неврология және ФНПР нейрохирургия кафедрасы, физиология кафедрасы, неврология кафедрасы, терапия кафедрасы).

  Өткізілген конференция тындаушылар арасында  жағымды пікір тудырды.

Конференция қарары қабылданды: 

Қарағанды облысының медициналық мекемелерінде «Инсульт мектебін» және инсульт орталықтарының жүйесін кеңейту, «Инсульт мектебі» аясында профилактикалық әдістер және инсульт алған науқастардың туыстарымен жұмыс бағдарламасын белсендірек енгізу. 


0
20440

пікірлер

пікір қалдыру үшін.