Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Cтуденттердің онлайн режиміндегі бейне-конференциясы

Cтуденттердің онлайн режиміндегі бейне-конференциясы

06 Қараша 2014

31.10.2014 жылы «Қазақстан тарихы және ӘСП» кафедрасы  334 оқу  бөлмесінде «Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәселелерінің бірі: «Студенттердің ақша табу мақсатында жұмысқа тартылуы» атты дөңгелек үстел форматындағы студенттік онлайн режимінде бейне-конференция» өтті.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің «Жалпы медицина және стоматология» факультетінің 2-курс декан орынбасары Д.Т. Оспанова, кафедра меңгерушісі К.А Темиргалиев, кафедра оқытушылары: С.М Аралбай, К.М. Сисенгалиева, Б.Т Касымова, Л.К. Магзумова, дебат клубы, сондай-ақ, ой-пікір алмасуға С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті құрамынан: «Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модулі, университетінің студенттік үкіметі және дебат клубы қатысты. Осы конференцияға ҚҰМУ атынан Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Халықаралық Бизнес Университеті, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Сүлеймен Демирел Университеті, Қазақстан Ресей медициналық университетінің студенттері қатысты. Бұл онлайн-конференцияны теориялық жағын оқытушылар ұйымдастырса, техникалық жағынан ҚММУ студенттерінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бөлімі көмектесті.

Студенттер бұл конференцияда қазіргі нарықтық экономика жағдайында студенттің жұмыс істеуінің артықшылықтары мен кемшіліктерін, студенттің бос уақытын тиімді пайдалану мәселелері туралы пікір алмасты. Студенттер болашақта қоғамдағы басқа да әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылауда әріптес болуға үлкен үміттерін артты.


0
18928

пікірлер

пікір қалдыру үшін.