Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ұлттық алкогольден бас тарту күні

Ұлттық алкогольден бас тарту күні

07 Қараша 2014

2007 жылдан бастап Қазақстанда қазанның соңғы сәрсенбісі сайын Ұлттық алкогольден бас тарту күні атап өтіледі. Дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде халық өлімінің, денсаулықтан және еңбекке икемділіктен айырылудың негізгі себептері болып алкогольді тұтыну табылады. 

«Жас Кен» жекеменшік қорының қамқорлығымен сауда үйлерінің бірінде 29-қазанда берілген науқан аталып өтті. Іс-шара мақсаты – халыққа тағы да алкогольді тұтынудың зияндығын еске түсіру және салауатты өмір салтын ұстанудың, спорт пен белсенді демалыс жасыл жыланга салыстырма болатынын жеткізу. Науқанға қатысушылар (көп бөлігін дәстүрлі түрде студенттер) алдында Облыстық нашақорлық Орталықтың директор орынбасары Алпыс Аманжолов сөз сөйледі. Ол ішімділіктің зияны туралы атап өтті, сонымен қатар біздің облыста қолданылатын алкогольдік өнімдердің тұтынуын төмендету бойынша шаралар туралы айтты. Қарағандылық спортшылар өздерінің жеке мысалында, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жиналған жастарды спортпен белсенді түрде айналысуға шақырды.

Сонымен қатар біздің жоо-ның студенттері іс-шараға белсенді түрде қатысты. Бірлік Нұрсұлтан  – ЖМФ 4 курс студенті, Сұлтан Абылбек – ЖМФ 5 курс студенті, Тоғжан Оспанова және Аяулым Заурбекова – ҚММУ медициналық колледжінің  «Мейірбеке ісі» мамандығының 4 курс студенттері вокал нөмерлерін дайындады. «Yes Team» заманауи билер ұжымы әсерлі «SDK» композициясымен жиналғандардың алдында шықты.

  5-қарашада ҚММУ психология, психиатрия және наркология кафедрасымен бірлесе KazMSA (Kazakhstan Medical Students Association) ҚММУ жергілікті комитеті «Жастардың алкогольге көзқарасы» тақырыбына дөңгелек үстел отырысын өткізеді.

А. Жұмабекова

4-099 ЖМФ

СӨӨБК қайырымдылық секторы


0
18927

пікірлер

пікір қалдыру үшін.