Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

2017 ЖЫЛДЫҢ 4-6 МАМЫРДА КЛАЙПЕДОДА (ЛИТВА) ORPHEUS «ПӘНАРАЛЫҚ ҚӨЗҚАРАС ТАРАПЫНАН МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫ МЕН БИОМЕДИЦИНА БОЙЫНША АСПИРАНТТАРДЫ ДАЙЫНДАУ» 12-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.
18 Мамыр 2017
ORPHEUS 12-конференциясының жұмысында ҚММУ биологиялық химия кафедрасының меңгерушісі профессор Л.Е. Муравлева және кафедра профессорының м.а. Н.У. Танкибаева қатысты. Олар «Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде докторантураның көппәндік бағдарламаларын құрудың жолдары» тақырыбында постерлік және ауызша түрде баяндамалар ұсынды.
Вильнюс университетіндегі халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы
18 Мамыр 2017
Сыртқы ұтқырлық аясында (24 сәуір-2 мамыр) биологиялық химия кафедрасы профессорының м.а. Н.У. Танкибаева Вильнюс университеті медицина факультетінің оқу процесіне қатысты. Н.У. Танкибаева генетика бойынша ағылшын тілінде студенттерге дәрістер мен семинарлар жүргізді. Ерекше қызығушылық және ықыласпен келесі сұрақтар: DNA migration, Modern human gene pool, Transcriptional, post-transcriptional and epigenetic regulation of gene expression, The “Human Genome” project, Outcomes and continuation тал
АБУ АЛИ ИБН СИНА АТЫНДАҒЫ ТӘЖІК МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ.
17 Мамыр 2017
2017 жылдың сәуір айының 23-ші мен 29-ы аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасының аясында м.ғ.д, профессор Е.Н. Сраубаев, Абу Али Ибн Сина атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің, Қоршаған орта кафедрасында Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 3-4 курс студенттеріне «Еңбек гигиенасы» пәнінен өзекті тақырыптар бойынша қатар дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізді.
«Болашақ» академиясында жүзеге асқан академиялық ұтқырлық бағдарламасы
17 Мамыр 2017
2017 жылдың 6 наурызы мен 20 сәуір аралығында ҚММУ-нің, қазақ тілі кафедрасының доценттері М.А.Маретбаева мен А.Б.Аширбекова академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде, Қарағанды «Болашақ» академиясының фармация және психология және педагогика мамандығы студенттеріне дәріс оқыды. Аталған жоғары оқу орнының І және ІІІ курс студенттерімен «Кәсіби қазақ тілі», «Қазақ тілі» пәндерінен практикалық және оқытушы қатысуымен студенттің өздік жұмысы сабақтары өткізілді.
Новосибирск мемлекеттік медициналық университетіндегі академиялық мобильділік
12 Мамыр 2017
24.04.2017 жылы мен 06.05.2017жыл аралығында Новосибирск мемлекеттік медициналық университеті мен Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің профессор-оқытушылары арасындағы академиялық мобильділік бағдарламасын тәжірибелік тұрғыдан жүзеге асыру мақсатында Новосибирск мемлекеттік медициналық университетінде ҚММУ №2 ішкі аурулар кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., Ларюшина Елена Михайловна тәжірибеден өтті.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫММЕН ӨТКЕН СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ LVII ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
12 Мамыр 2017
2017 жылдың 26 сәуірінде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің 60 жылдығына арналған халықаралық қатысыммен өткізілетін студенттер мен жас ғалымдардың LVII ғылыми конференциясы болды.
Қарағанды мемлекеттік медицина университетіндегі «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» - «Серпін-2050» бағдарламасының жүзеге асырылуы
12 Мамыр 2017
2017 жылдың 4 мамыр күні Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне жұмыс сапарымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұлттық жобалар басқармасының басшысы К.Қ.Тобатаева келді. Ағымдық оқу жылында «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» - «Серпін-2050» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде университетте алғаш рет «Жалпы медицина» мамандығының 1 курсына 50 студент қабылданды.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
11 Мамыр 2017
2017 жылы 27 сәуір күні ҚММУ дың молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасында 1- курс жалпы медицина студенттеріне Қазақ халқының салт- дәстүрлері атты тәрбие сағаты өткізілді.
Лунд Университетіндегі ғылыми тағылымдама.
11 Мамыр 2017
17.04.2017ж. - 27.04.2017ж. «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медико-профилактикалық іс» және «Фармацевтикалық өндірістің технологиясы» мамандығының 1 және 2 жыл магистранттары Лунд Университетінде (Лунд қ., Швеция) ғылыми тағылымдама өтті.
ТАШКЕНТ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕДИАТРИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ
11 Мамыр 2017
2017 жылды 7-18 сәуірі аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының оқытушылары доцент, м.ғ.к Х.Г. Девдариани және ассистент А.Е. Дюсембаева академиялық ұтқырлық бойынша Таш МПИ балалар жұқпалы аурулары кафедрасына барды.