Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫММЕН ӨТКЕН СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ LVII ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫММЕН ӨТКЕН СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ LVII ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

12 Мамыр 2017

2017 жылдың 26 сәуірінде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің 60 жылдығына арналған халықаралық қатысыммен өткізілетін студенттер мен жас ғалымдардың LVII ғылыми конференциясы болды.

Конференцияның қонақтары – Башкирия мемлекеттік медицина университетінің, Орынбор мемлекеттік медицина университетінің, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Волгоград бизнес университетінің, А.И. Евдокимов атындағы Мәскеу мемлекеттік медико-стоматологиялық университетінің, Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, ҚарММУ, «Астана медицина университеті» АҚ және Семей мемлекеттік медицина университетінің жас ғалымдары мен студенттері болды.

Конференцияның пленарлық отырысы бірінші қазақ әйел-дәрігері Аққағаз Досжанова атындағы конференцхолда өтті. Отырыс М. Оспанов атындағы БҚММУ ректоры Е.Ж. Бекмухамбетованың құттықтау сөзімен ашылды.   

Конференция жұмысы конференция әділқазыларының салтанатты түрдегі антымен, әрі қарай «UVENTUS»  студенттік хордың сүйемелдеуімен және «Үздік студент», «Үздік ғылыми үйірме» атағының жеңімпаздарын марапаттау және қорытындылауы өткен пленарлық отырыстан басталды. 

Конференция 22 секциялық отырыстарында бойынша жүргізілді, оның ішінде толығымен екеуінде таза ағылшынша өткізілді, сонымен қатар университет, колледж студенттері мен мектеп оқушыларының ағылшын тілінде постерлік баяндамалары оқылды. 

Біздің жоғары оқу орнының атынан I дәрежелі дипломмен марапатталған - Е.В. Бурковская (ғылыми жетекшісі м.ғ.к., профессор м.а. А.Р. Алпысова), Ж.М. Баймағамбет, Т.Қ. Мәдениет, Б.А. Қайдар, А.К. Абенова (ғылыми жетекшісі М.Т. Культенова), II дәрежелі дипломмен маратапатталған - Ж.М. Баймағамбет, К.К. Кабдуллина, З.Е. Ламежанова (ғылыми жетекшісі м.ғ.д., профессор м.а. Т.Т. Киспаева) және III дәрежелі дипломмен марапатталған Ж.С. Омарханов (ғылыми жетекшісі м.ғ.к., доцент Х.Б. Бисмильдин) болды.

Секциялық мәжілістен соң Башкирия мемлекеттік медицина университеті және  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің өкілдерімен шұғыл кардиология, акушерия және гинекологиядағы тромбофилия, эндокринология негіздері бойынша үйренуге ниет білдірген студенттерге арналған мастер-кластар өткізілді.

Биыл конференция жинағында ғылыми еңбектердің саны, жас ғалымдар мен ғылым жолындағы ізденушілер Қазақстан Республикасының, шет елдердің 46 ЖОО – ның өкілдерін қосқанда 493-ке жетті және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланды.

ҚММУ ректоры профессор Р.С. Досмағамбетоваға және стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, м.ғ.д. А.А. Турмухамбетоваға ғылыми конференцияға қатысуға мүмкіндік жасағаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

№1 Жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасы

Е.В.Бурковская, интерн-терапевт, 6-055 т.


0
6810

пікірлер

пікір қалдыру үшін.