Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
2017 ЖЫЛДЫҢ 4-6 МАМЫРДА КЛАЙПЕДОДА (ЛИТВА) ORPHEUS «ПӘНАРАЛЫҚ ҚӨЗҚАРАС ТАРАПЫНАН МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫ МЕН БИОМЕДИЦИНА БОЙЫНША АСПИРАНТТАРДЫ ДАЙЫНДАУ» 12-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

2017 ЖЫЛДЫҢ 4-6 МАМЫРДА КЛАЙПЕДОДА (ЛИТВА) ORPHEUS «ПӘНАРАЛЫҚ ҚӨЗҚАРАС ТАРАПЫНАН МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫ МЕН БИОМЕДИЦИНА БОЙЫНША АСПИРАНТТАРДЫ ДАЙЫНДАУ» 12-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

18 Мамыр 2017

ORPHEUS 12-конференциясының жұмысында ҚММУ биологиялық химия кафедрасының меңгерушісі профессор Л.Е. Муравлева және кафедра профессорының м.а. Н.У. Танкибаева қатысты. Олар «Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде докторантураның көппәндік бағдарламаларын құрудың жолдары» тақырыбында постерлік және ауызша түрде баяндамалар ұсынды.

ORPHEUS (Organization for PhD Education in Biomedicine and Health Sciences in the European System) биомедицина және медицина ғылымдары бойынша еуропалық факультеттер мен ұйымдардың қауымдастығы болып табылады. ORPHEUS – PhD дайындау бағдарламаларын құру және тәжірибелерімен бөлісу аясында 30 аса елдердің жоғары оқу орындарының кең желісі. ORPHEUS өз міндетіне докторанттар үшін зерттеу дәрежесі мен мансаптық мүмкіндіктері ретіндегі PhD беделін қорғау мен оны қолдауды алады. Біздің әріптестеріміз биомедицина бойынша доктранттарды заманауи дайындаудың пәнаралық жолдарына арналған семинарлар, пікірталастар және дебаттарды өткізу үшін белгілі халықаралық сарапшылар мен баяндамашыларды қызықтырған интерактивтік конференцияға қатысты.


Ғылыми бағдарлама келесі тақырыптарды талқылауға бағытталған:

1.  Пәнаралық және транспәндік зерттеулердегі мәселелер мен нақты сұрақтар

2.  Докторанттар дайындаудағы биоэтика. Этиканы бұзу жағдайлары. Нәтижелердің қайта өңделуі және олардың шынайылығы. Тәжірибелік жұмыстағы арнайы этика.

3.  Аспиранттарды дайындауды жетілдірудің ұлттық және халықаралық жолдары. Үздік тәжірибелер.

4.  Докторантурада оқу барысындағы сәйкес біліктіліктердің құрылуы. Мансаптың дамуы.

5.  Докторантураның білім бағдарламаларының мониторингі және бағалануы.


0
5798

пікірлер

пікір қалдыру үшін.