Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ТАШКЕНТ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕДИАТРИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

ТАШКЕНТ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕДИАТРИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

11 Мамыр 2017

2017 жылды 7-18 сәуірі аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының оқытушылары доцент, м.ғ.к Х.Г. Девдариани және ассистент А.Е. Дюсембаева академиялық ұтқырлық бойынша Таш МПИ балалар жұқпалы аурулары кафедрасына  барды.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының негізгі базасы  Ташкент қалалық №5 жұқпалы аурулар ауруханасы   территориясында және қосымша базасы Ташкент қалалық №4  балалар жұқпалы аурулар ауруханасы территориясында, Ташкент қалалық №1 жұқпалы аурулар ауруханасы территориясында базасында орналасқан. Кафедрада оқу жұмысы мына бағыт бойынша жүреді: вирусты гепатиттердің емі және ерте диагностикасы; бактериялық және вирусты өткір  ішек инфекцияларының ерте диагностикасы және емі;  экзантем синдромым өтетін жұқпалы аурулардың емі және ерте диагностикасы. Кафедра меңгерушісі медицина ғылымының докторы, профессор Б.М.Таджиев.

Кафедрада педиатрия факултетінің 6 және 7 курс студенттері өзбек, орыс және ағылшын тілінде оқиды.

  ҚММУ қызметкерлеріне ТашМПИ  балалар жұқпалы аурулары кафедрасы негізделетін 5 клиникалық жұқпалы аурулар стационарларының құрылымы, құжаттары және жұмыс әдістемелері ұсынылды. Сонымен қоса, кафедра отырысында доцент Х.Г. Девдариани мен ассистент А.Е. Дюсембаева ТашМПИ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының құжаттары мен кафедраны жүргізу ережелерімен танысты: КТП, интерактивті оқыту әдістері, оқу журналдары және т.б.

Академиялық ұтқырлық барысында студенттермен 2 кредит – 53 сағат көлемінде оқыту шаралары жүргізілді. Оның ішінде: 4 сағат дәріс оқылды, 32 сағат көлемінде тәжірибелік сабақ жүргізілді, СОӨЖ - 17 сағат жүргізілді. Кафедра қызметкерлеріне  жақсы  жұмыс жасауға қолайлы жағдайлар жасалды.

Оқыту және тәжірибе алмасуды жақсарту үшін ҚММУ оқытушылары таныстырылым  түрінде мәселелі дәрістер оқыды: «Баспа синдромымен жүретін аурулар», «Бөртпе синдромымен жүретін аурулар», «Диарея синдромымен жүретін аурулар», «Ауруханаішілік инфекция», TEAM-BASED LEARNING (TBL), CASE- BASED LEARNING (CBL) белсенді  оқыту әдістері қолданылып тәжірибелік сабақтар жүргізілді.

Оқу әдістемелерінің соңында студенттер тарапынан оң пікірлер айтылды.

Студенттердің ойынша, оқу материалдарын түсінуді, меңгеру және бекітуді белсенді оқыту әдістері жеңілдетеді. Оның ішінде, клиникалық мәселелерді шешуден басқа TBL және CBL топтық жұмыс, теориялық білім мен дәрістік мәліметтерді үйлестіре пайдалану сияқты  коммуникативті дағдыларды үйретеді.

Академиялық ұтқырлық білім сапасын жақсартуға, педагогикалық шеберлік пен тұлғалық өсуіге, ЖОО арасындағы серіктестіктің жақсаруына септігін тигізеді.

Доцент Х.Г. Девдариани және ассистент А.Е. Дюсембаева 12.04.2017ж. өткен  «Инфекция және дәрілік төзімділік» атты ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысты.

Академиялық  ұтқырлық барысында жан-жақты қолдағаны және жылы қарсы алғаны үшін ТашМПИ Ректоры, м.ғ.д., профессор Б.Т. Даминов, халықаралық байланыс бөлімі мен балалар жұқпалы аурулары кафедрасының қызметкерлеріне, кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Б. М. Таджиев, доценттер мен ассистенттерге, басқа да қызметкерлерге ерекше алғыс білдірілді.

Х.Г.  Девдариани, балалар жұқпалы аурулары кафедрасыныңдоценті

А.Е. Дюсембаева, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті,

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті (ҚММУ, Қазақстан)


0
7357

пікірлер

пікір қалдыру үшін.