Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды мемлекеттік медицина университетіндегі «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» - «Серпін-2050» бағдарламасының жүзеге асырылуы

Қарағанды мемлекеттік медицина университетіндегі «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» - «Серпін-2050» бағдарламасының жүзеге асырылуы

12 Мамыр 2017

2017 жылдың 4 мамыр күні Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне жұмыс сапарымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұлттық жобалар басқармасының басшысы К.Қ.Тобатаева келді. Ағымдық оқу жылында «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» - «Серпін-2050» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде университетте алғаш рет «Жалпы медицина» мамандығының 1 курсына 50 студент қабылданды.

Жұмыс сапары барысында ҚММУ ректоры м.ғ.д., профессор Р.С.Досмағамбетованың бастауымен университет әкімшілігімен кездесу өтті, «Серпін» ұлттық жобасының жоғары медициналық білім беруде одан әрі дамуы мен жүзеге асуы туралы сұрақтар талқыланды. Жұмыс сапары бағдарламасына сәйкес жоба жетекшісі студенттердің ҚММУ жатақханадарындағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты, оқу корпустары, тәжірибелік дағдылар орталығы, анатомиялық мұражай, университеттік кітапхана, ҚММУ жанындағы стоматологиялық клиникаға барып, «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттерімен кездесті.

Кездесу кезінде К.К.Тобатаева студенттердің ҚММУ-дегі оқу және жатын орын жағдайларының жоғары деңгейін, алдыңғы қатардағы білім беру технологияларының кең қолдануын атап өтіп, жоо әкімшілігіне ерекше ризашылығын білдірді.

Жұмыс сапарының соңында жоба жетекшісі жыл сайын университет студенттері мен оқытушыларының күшімен жүргізілетін соғыс және еңбек ардагерлерінің салтанатты шеруіне қатысты.


0
7715

пікірлер

пікір қалдыру үшін.