Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
АБУ АЛИ ИБН СИНА АТЫНДАҒЫ ТӘЖІК МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ.

АБУ АЛИ ИБН СИНА АТЫНДАҒЫ ТӘЖІК МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ.

17 Мамыр 2017

2017 жылдың сәуір айының 23-ші мен 29-ы аралығында  академиялық ұтқырлық  бағдарламасының аясында м.ғ.д, профессор Е.Н. Сраубаев, Абу Али Ибн Сина атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің, Қоршаған орта кафедрасында  Қоғамдық денсаулық сақтау  факультетінің 3-4 курс студенттеріне  «Еңбек гигиенасы» пәнінен өзекті тақырыптар  бойынша қатар дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізді.

Дәрістік және тәжірибелік  материалдардың  көлемі мен мазмұны «Еңбек гигиенасы» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкестендіріп жасалды.  Дайындалған материалдар  ғылыми және жүйелік тұрғыдан баяндалды.

Оқытушы мен тыңдаушы аудитория арасында  толық тығыз байланыс орнады. Дәріс пен тәжірибелік сабақтар соңында,  тыңдаушылар тарабынан түрлі сұрақтар қойылды, бұл талқыланған мәселенің маңызды сәттерін тағы да бір пысықтауға мүмкіншілік берді.

Дәрістер өте жоғары деңгейде өтті, суденттер тарабынан жағымды пікірлер беріліп жатты,  бұл оқытушының біліктілігінің жоғары деңгейіне айқын дәлел болса керек.  

Академиялық ұтқырлық аясында м.ғ.д., профессор Е.Н. Сраубаев Душанбе қаласында 2017 жылдың 28-ші сәуірінде Абу Али Ибн Сина атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінде өткен «Медициналық ғылымдар дамуында жастардың ролі» атты жас ғалымдар мен студенттердің  XII ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.

м.ғ.д., профессор, Е.Н. Сраубаев,

ҚММУ-ң  еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар,

балалар мен жасөспірімдер гигиенасы

кафедрасының меңгерушісі.

0
5904

пікірлер

пікір қалдыру үшін.