Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Новосибирск мемлекеттік медициналық университетіндегі академиялық мобильділік

Новосибирск мемлекеттік медициналық университетіндегі академиялық мобильділік

12 Мамыр 2017

24.04.2017 жылы мен 06.05.2017жыл аралығында Новосибирск мемлекеттік медициналық университеті мен Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің профессор-оқытушылары арасындағы академиялық мобильділік бағдарламасын тәжірибелік тұрғыдан жүзеге асыру мақсатында Новосибирск мемлекеттік медициналық университетінде ҚММУ №2 ішкі аурулар кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., Ларюшина Елена Михайловна тәжірибеден өтті.

Новосибирск мемлекеттік медициналық университетінде Ларюшина Елена Михайловна госпитальды терапия және ішкі аурулар пропедевтика кафедрасында білім алатын, клиникалық ординаторлар, терапевт-интерндер үшін гастроэнтерологиялық патологиядағы өзекті сұрақтар бойынша дәріс оқыды. Е.М. Ларюшинаның инновациялық техналогияны қолдана отырып ( CBL – клиникалық жағдайларға, клиникалық жағдайды пәнаралық талдауға негізделген оқыту түрі) жүргізген, тәжірибелік сабағы кафедра мұғалімдері үшін де, интерндері үшінде аса қызығушылық туғызды. 

Ларюшина Елена Михайловна университеттің мұғалімдеріне, интерндеріне және клиникалық ординаторларына Қазақстан Республикасындағы ғылыми және медициналық кадрларды дайындау жүйесімен, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетіндегі ұйымдастыру жұмысымен, білім беру және оқыту әдістерімен, білім алушылардың дағдыларын және білімін бағалаутүрлерімен таныстырды. Өз кезегінде Новосибирск мемлекеттік медициналық университетінің ұжымы қолданыстағы білім беру бағдарламасы және оның болашақтағы дамуы жөнінде баяндады.

Бір жыл бұрын ашылған, үлкен аумақты қамтитын, интерактивті құралдармен, қазіргі заманғы симуляторлармен, дәріс бөлмелерімен, аудиторияларымен жабдықталған аймақаралық симуляциялық-аттестациялық орталық естен кетпес әсер қалдырды. Аймақаралық симуляциялық-аттестациялық орталықтың симуляциялық ауруханасы (виртуалды хирургиялық, терапевтикалық аурухана, емхана, дәріхана және т.б.) рөлдік жағдайды анализдеуге және талқылауға мүмкіндік беретін, дидактикалық қызметтерді қамтитын, шынайлықпен жанасатын, симуляционды техналогиялардың көмегімен емдік-профилактикалық ғимараттардағы логистикалық, қызметтік, құрылымдық және басқа да үдерістерді имитациялайтын симуляционды оқытудың рөлдік үлгісін негіздейтін орталық болып табылады. Симуляциялық орталықта науқастың емдік-профилактикалық ғимараттардағы «ауруханаға түсу – диагностика – емдеу – шығу» қозғалысы «логикалық-тізбектік» түрінде имитацияланады. Рессей Денсаулық сақтау министрлігінің тәуелсіз аттестациялық комиссиясы негізінде «Емдеу ісі» мамандығы бойынша биылғы бітірушілер алғаш рет мемлекеттік аттестацияны бейне көрсетіліммен жүргізілетін, симуляциялық технологияны қолдана отырып тапсырады. 

НММУ ішкі аурулар пропедевтика және госпитальды терапия кафедрасының ұжымымен алғашқы танысу, білім беру технологияларымен тәжірибе алмасу университеттер арасындағы одан әрі қарай серіктестікті және өнімді жұмыс атқаруды жоспарлауды ынталандырды.

Академиялық мобильділік жоба аясында жаңа тәжірибені игеруге және жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін ҚММУ ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетоваға және НММУ ректоры профессор И.О. Маринкинге, емдеу жұмысы бойынша проректор профессор Е.Л. Потеряеваға, ішкі аурулар пропедевтика кафедрасының меңгерушісі профессор М.Ф. Осипенкоға үлкен алғыс білдіремін.

Новосибирск мемлекеттік медициналық университетінің жетекшілігі ҚММУ ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., Е.М. Ларюшинаның еңбегін жоғары бағалады, бұған университетіміздің ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетоваға жазылған Алғыс хат дәлел бола алады.


0
6072

пікірлер

пікір қалдыру үшін.