Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Оқу үдерсіндегі жаңа технологиялар
04 Мамыр 2015
2015 ж 23 сәуірінде 1050 топта «Орыс тілі» пәнінен «Ғылым тарихынан. Гипотеза. Эксперимент. Практика. Жай сөйлемдегі мезгіл, мақсат пысықтауыш мағыналарын сабақтас құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы сөйлемдер арқылы білдіру» тақырыбы бойынша ашық сабақ жүргізілді. Берілген сабақты өткізу мақсаттарының бірі оқытудың электронды технологиясын дәріптеу болып табылады, сондықтан сабақта С.Т. Ускенбаева өзінің авторлық электронды оқу құралын белсенді түрде қолданды.
«Кәсібилікке табысты қадам!»
04 Мамыр 2015
Жалпы медицина және стоматология факультеті деканаты «Стоматология» мамандағының 5-курс студенті Сердалин Асқар Қайыржанұлын, Алтай мемлекеттік медицина университетінде 8-10 сәуір аралығында өткен (Барнаул қ-сы) терапиялық стоматология туралы VI халықаралық студенттер олимпиадасында «Эндодонтическое мастерство» номинациясы бойынша жүделі III орын иеленумен құттықтайды.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих ретроспективасындағыкөшпенді шаруашылық» атты дөңгелек үстел форматындағы онлайн бейнеконференциясы
04 Мамыр 2015
2015 жылдың 25 сәуіріндеҚарағанды мемлекеттік медицина университетінде Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен университет қабырғасында бірінші рет С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы менеджмент университеттерімен онлайн-конференция өткізілді.
Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмас
04 Мамыр 2015
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл өтті. Жылдан жылға соғысты көргендердің саны азаюда. Дегенмен, соғыс жайлы ескі кино, көркем әдебиет, фотосуреттер арқылы ол тарих бетінде қалды. Біз, жас ұрпақ, біздің өткен тарихымызды, майдандағы асқан ерлік жасаған қаhармандарымызды ұмытпай, есте сақтауымыз керек.
Қазақ тілі пәнінен өткізілген ашық сабақ
04 Мамыр 2015
2015 жылдың 23 сәуірінде Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Г.Е. Оспанова, ЖМФ 2-065 тобында кәсіби қазақ тілі пәнінен «Туберкулез» тақырыбына ашық сабақ өткізді.
«ҚММУ аруы-2015» тәжін Махаббат Түктібаева иеленді
30 Сәуір 2015
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде ең әдемі бойжеткенді таңдады. Кезекті рет әйелдер қауымына олардың тек студенттер ғана емес, алайда әдемі өнерлі бойжеткендер екенін еске салуға шешім қабылданды.
Алдыналу семинар-тренингі
30 Сәуір 2015
15.04.2015ж академик Бөкетов атындағы орта білім беру мектебінде 10 - сынып оқушылары арасында Қазақстан медицина жастары қауымдастығы ЖИТС/АИТВ туралы алдыналу семинар-тренингін өткізді.
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ
30 Сәуір 2015
20 сәуірде сағат 16.00-да «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының «Экономикалық теория негіздері» пәнінің оқытушылары Б.Б. Рысбекова, Д.Е. Джакупова, А.С. Ламанова, Б.Т. Касымова, Л.К. Магзумова, К.М. Сисенгалиева, Е.М. Баттал ұйымдастыруымен «Ұлы отан соғысы жылдарындағы Қазақстан экономикасы» тақырыбында 1-2 курс студенттерінің арасында конференция өткізілді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
28 Сәуір 2015
Жыл сайынғы облыстық «Ой сана» байқауы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткізілді. Орыс тілін жетік меңгерген студенттер мен оқушылар арасындағы сайысты Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды. Бұл шараға, облысымыздың әр жерінен келген, қазақ тілінде білім алатын студенттер мен оқушылар қатысты.
Видео-роликтер қорытындыларын шығару
27 Сәуір 2015
ҚММУ Тәрбие жөніндегі кеңесі шеңберіндегі Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша комиссия жұмысы аясында діни радикализмнің алдын алу және қазақстандық патриотизмді, тағаттылық пен конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған бейнероликтер сайысы ұйымдастырылды.