Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих ретроспективасындағыкөшпенді шаруашылық» атты дөңгелек үстел форматындағы онлайн бейнеконференциясы
2015 жылдың 25 сәуірінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен университет қабырғасында бірінші рет С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы менеджмент университеттерімен онлайн-конференция өткізілді.
Конференция салтанатты түрде С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректор, м.ғ.д., профессор К.А.Төлебаев және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, м.ғ.д., профессор В.Б.Молотов-Лучанскийдің кіріспе сөздерімен ашылды.
Конференцияда көтерілген мәселелерге байланысты қатысушылардың арасында пікір алмасу ұйымдастырылды. Өз елінің өткені мен бүгінің, рухани және патриоттық тәрбие беру жолдарын түсіндіру мәселесі көтерілді. Көшпенділер өркениетінің мәдени және тарихи мұрасын сақтауға қоғамның назарын аудару еді.
Конференцияға қызықты зерттеу жұмыстары ұсынылды. Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Қ.А.Темиргалиев өзінің Ұлытау туралы жасаған зерттеу жұмысын көрсетті.
Ұлытау - өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Конференцияға қатысушылар тарапынан осы тақырып бойынша қызығушылық байқалып, студенттер сұрақтар қойды. Болашақта осындай конференциялар жиі өткізіліп тұрса деген ұсыныстар болды.