Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Видео-роликтер қорытындыларын шығару

Видео-роликтер қорытындыларын шығару

27 Сәуір 2015

ҚММУ Тәрбие жөніндегі кеңесі шеңберіндегі Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша комиссия жұмысы аясында діни радикализмнің алдын алу және қазақстандық патриотизмді, тағаттылық пен конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған бейнероликтер сайысы ұйымдастырылды.

Екі студенттік топтың жұмыстары ұсынылды: «Медициналық-профилактикалық іс» 2-001 және «Жалпы медицина» 1-072. Бейнероликтер қойылған талаптарға сәйкес дайындалып, діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған жалпы жұмысқа үлес қосатын құнды материал ретінде қоғамдық назарда болуы орынды екені ашық айтылды.

17 сәуір күні аталмыш сайыстың қорытындылары шығарылды. Тәрбие жөніндегі кеңес төрағасы, Оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі проректор Вилен Борисович Молотов-Лучанскиймен замануи жастардың дінге деген қызығушылығы әр түрлі нәтижелерге алып келетініне назар аударылды. Осыған орай, дер кезінде діни радикализмнің алдын алу бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Дүниетанымдық көзқарастары мен қағидаттары толық бекітіліп үлгермеген жастардың, өкінішке орай, деструктивті жалған діни ағымдардың ықпалына түсуі едәуір ықтимал.

Аталмыш іс-шараның қорытындыларын шығаруға байланысты кездесуге Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Қайрат Қаршығаұлы Нүркенов, «Дінаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» КММ-нің директоры Төлеу Қайратұлы Мұхтар шақырылды. Қонақтар ҚММУ студенттерімен жасалған жұмысқа жоғары баға беріп, дайындалған бейнероликтердің мазмұны дінаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға зор үлес қосатынын айтты. Дін істері басқармасының басшысы студенттердің өздері бейнероликтерде ойнап, өздері материалды өңдеп шығаруы ортақ қоғамдық іске байланысты жасалған креативті қадамға үлес қосты деп бағалады. Бұл жоба Қарағанды қаласының студенттік жастары арасында қолдау тауып, ары қарай жалғасады деген үміт бар.

Бейнероликтер қорытындыларын шығару бойынша кездесуде Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры, ректор көмекшісі, факультет декандары, қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі, жастармен жұмыс бөлімінің маманы, бейнероликтерді дайындағын студенттердің өздері және олардың кураторлары қатысты. Студенттік топтарға дін істері басқармасының атынан мадақтау хаттар, әрбір студентке Дінаралық мәселелерді зерттеу және талдау орталығының директоры атынан алғыс хаттар берілді.

Жақын арада бейнероликтер университет теледидарларында көрініс табады. Кейін қаланың led-экрандарында бұл материалдар тұрғындар үшін де көрсетілуі тиіс.

Толганай Вагизовна Мустафина

Діни экстремизм және терроризмнің

алдын алу бойынша Комиссия төрайымы


0
18608

пікірлер

пікір қалдыру үшін.