Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Біздің орталықтағы дене шынықтыру сәті
30 Қараша 2021
2021 жылдың 30 қарашасында Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 30 қадам» атты марафон аясында студенттер мен СББТО қызметкерлерінің қатысуымен тағы бір қадам дене шынықтыру минуты болып өтті.
Француз Республикасының Елшілігі делегациясының сапары
30 Қараша 2021
2021 жылы 22 қарашада Қарағанды медицина университетіне Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жоғары Мәртебелі Дидье Канес мырза келді.
Мерейтойға арналған кездесу
30 Қараша 2021
2021 жылдың 26 қараша күні Мейіргерлік білім беру мектебінде куратор Омашева Жанар Мағауияқызының, 201 КЛД, 202 КЛД, 101 КОМ, 102 КОМ топ басшыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған іс-шара өткізілді.
Ғылыми мақаланы қалай жазуға және плагиатқа жол бермеуге болады
30 Қараша 2021
26 қарашада Тілдерді дамыту орталығында көптілді студенттік ғылыми клубтың отырысы өтті.
АМУ студенттеріне арналған дәрістер мен тәжірибелік сабақтар
30 Қараша 2021
Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің «Эпидемиология» модулі профессорының ассистенттері Н.О. Алышева мен М.М. Бейсекова «Астана медицина университеті» КеАҚ (АМУ) және «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ(ҚМУ) арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2021 ж. 15.11. - 26.11. аралығында м.ғ. д., профессор А. А. Мусина басқаратын АМУ Қоғамдық денсаулық және эпидемиология кафедрасына барып қайтқан болатын.
Елбасы - ел тірегі
29 Қараша 2021
1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай, 29 қараша күні Қарағанды медицина университетінің Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры Абдрахманова Камшат Жақсылыққызы мен «Самұрық» » студенттік республикасының бастамасымен Медицина мектебінің 1 курс студенттеріне «Елбасы- ел тірегі» атты іс-шара өткізіліп,
«Рухани жаңғыру ұлттық тұлғаның этноәлеуметтенуінің психологиялық қалыптасу факторы ретінде» атты университет аралық ғылыми-тәжірибелік онлайн семинары
29 Қараша 2021
2021 жылдың 26 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің психология кафедрасының онлайн қатысуымен «Рухани жаңғыру - ұлттық тұлғаның этноәлеуметтенуінің психологиялық қалыптасу факторы ретінде» тақырыбында университет аралық ғылыми-тәжірибелік онлайн семинарын өткізді.
“Public Health Futures in a Changing World” 2021 жылғы 14-ші Еуропалық қоғамдық денсаулық сақтау конференциясы
27 Қараша 2021
PhD, Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің қауымдастырылған профессоры Омарова Алуа Ораловна 2021 жылдың 10-12 қарашасы аралығында Еуропалық қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығы ұйымдастырған “Public Health Futures in a Changing World” 2021 жылғы 14-ші Еуропалық Қоғамдық денсаулық сақтау конференциясына қатысты. Аталған конференцияға әлемнің 80-нен астам елінен 2000 делегат қатысты.
Тәуелсіз елім - Қазақстан
25 Қараша 2021
2021 жылдың қараша айының 23 жұлдызында Тілдерді дамыту орталығының оқытушыларға арналған «Сөйле» танымдық клубы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты іс-шара өткізді.
V Спартакиада ҚМУ Қыраны-2021
23 Қараша 2021
2021 жылғы 18 қарашада Физикалық денсаулық орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілетін «V спартакиада ҚМУ Қыраны-2021ж.» өткізді. Ашылу салтанатына академиялық жұмыс жөніндегі проректор В.П. Риклефс, тілдерді дамыту орталығының басшысы М.А. Маретбаева құттықтау сөз сөйледі: