Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Француз Республикасының Елшілігі делегациясының сапары

Француз Республикасының Елшілігі делегациясының сапары

30 Қараша 2021

2021 жылы 22 қарашада Қарағанды медицина университетіне Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жоғары Мәртебелі Дидье Канес мырза келді.

Сапар аясында "ҚМУ" КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры Анар Ақылбекқызы Тұрмұхамбетовамен кездесу өтті. Сондай-ақ кездесуге ынтымақтастық және мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесші Алекс Бортолан, білім беру мәселелері жөніндегі Атташе Ксавье Ле Торривелек, ынтымақтастық жөніндегі Атташе Александра Тиркьюир, Елші Протокол Қызметінің басшысы Раушан Ашимбаева, Француз Альянсының директоры Фирсова Екатерина Евгеньевна, академиялық жұмыс жөніндегі проректор Виктор Петрович Риклефс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Э.Б. Култанова қатысты.

Келіссөздер барысында Францияның медицина университеттері мен Қарағанды медицина университеті арасындағы ғылым, білім, клиника саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.

Қазіргі уақытта Францияның Қазақстандағы Елшілігі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде онкология, вирусология, ана мен бала денсаулығын қорғау бағыттары бойынша "ҚМУ" КеАҚ оқытушылары мен білім алушыларына арналған француз тілі курстары ұйымдастырылды.


0
2861

пікірлер

пікір қалдыру үшін.