Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Елбасы - ел тірегі

Елбасы - ел тірегі

29 Қараша 2021

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай,  29 қараша күні Қарағанды медицина университетінің Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры Абдрахманова Камшат Жақсылыққызы  мен «Самұрық» » студенттік республикасының бастамасымен  Медицина мектебінің 1 курс студенттеріне  «Елбасы- ел тірегі» атты іс-шара өткізіліп,  Елбасы туралы бейнеролик көрсетілді ,қысқаша мәліметтер берілді. Студенттер белсене қатысып, іс-шара көңілдерінен шықты.

Біз тарихы терең,рухы мықты елдің ұрпағымыз. Осы елдің ұрпағын жоғалтпай,одан әрі өрбітіп, бүкіл әлемге танытқан  жеке дара ақылшымыз, тірегіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Президентімізді барша қазақстандық мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан құрметке ие болған кемеңгер тұлға.

1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. Мереке құтты болсын!


0
1618

пікірлер

пікір қалдыру үшін.