Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
АМУ студенттеріне арналған дәрістер мен тәжірибелік сабақтар

АМУ студенттеріне арналған дәрістер мен тәжірибелік сабақтар

30 Қараша 2021

Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің «Эпидемиология» модулі профессорының ассистенттері Н.О. Алышева мен М.М. Бейсекова «Астана медицина университеті» КеАҚ (АМУ) және «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ(ҚМУ) арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2021 ж. 15.11. - 26.11. аралығында м.ғ. д., профессор А. А. Мусина басқаратын АМУ Қоғамдық денсаулық және эпидемиология кафедрасына барып қайтқан болатын.

Академиялық ұтқырлықты өткізу кезінде АМУ-да мәселелік дәрістер оқылды және «Жалпы медицина» мамандығының 4-курс студенттері үшін «Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу» пәні бойынша Zoom платформасында on-line форматында тәжірибелік сабақтар өткізілді. Тәжірибелік сабақтар оқытудың интерактивті әдістерін пайдалана отырып өткізілді. Тәжірибелік сабақтардың барлық түрлері мазмұнды және қызықты өтті. Студенттермен ауруханаішілік инфекциялардың әр түрлі нозологиялық түрлерін алдын алу бойынша пікірталастар өткізілді.

Оқыту тәжірибесімен алмасуға және кафедралар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік бергені үшін АМУ КеАҚ және ҚМУ КеАҚ басшылығына алғысымызды білдіреміз.


0
1628

пікірлер

пікір қалдыру үшін.