Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәуелсіз елім - Қазақстан

Тәуелсіз елім - Қазақстан

25 Қараша 2021

2021 жылдың қараша айының 23 жұлдызында Тілдерді дамыту орталығының оқытушыларға арналған «Сөйле» танымдық клубы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты іс-шара өткізді. 

Іс-шараның өтуіне белсене ат салысқан Қарағанды медицина университетінің Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры Абдрахманова Камшат Жақсылыққызы мен «Самұрық» студенттік республикасының белсенді студенттері Пшенбаева Дана, Болатбек Аяжан, Сартбасова Аружан, Тулекеева Ақмаралға ерекше алғысымызды білдіреміз.

 Сонымен бірге, оқытушылар Тәуелсіздік жайлы жыр шумақтарын оқып, ән салып, қойылған танымдық сұрақтарға жауап беріп, кештің сәтті өтуіне белсене ат салысып отырды. Қорытыны сөз сөйлеген Тілдерді дамыту орталығының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Мәретбаева Марина Әбілжанқызы іс-шараны ұйымдастырушыларға рақмет айтып, қатысқан оқытушылар мен студенттерге Алғыс хат табыс етті. Іс-шараны өткізудегі мақсат еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, болашақ ұрпақты Отанды сүюге тәрбиелеу десек, іс-шара өз мақсатына жетті деп есептейміз.


0
1583

пікірлер

пікір қалдыру үшін.