Жаңалықтар

Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің қауымдастырылған профессоры Жанерке Ерлановна Болатова - 2025 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы
Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің қауымдастырылған профессоры Жанерке Ерлановна Болатова - 2025 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы
31 December 2025
Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің қауымдастырылған профессоры Жанерке Ерлановна Болатова - 2025 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы
Республикалық конкурстық комиссияның отырысында «2025 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері белгілі болды. Байқау нәтижесінде өз саласында озық шыққан ең үздік оқытушылар таңдалды.
Жанерке Ерлановна Болатова «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» атағының иегері атанды.
Конкурсқа еліміздің 89 жоғары оқу орнынан 502 үміткер қатысты.
Конкурс барысында электрондық білім беру ресурстары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық ғылыми журналдардағы ғылыми жарияланымдар, патенттер және оқытушылардың өзге де ғылыми нәтижелері сияқты көрсеткіштер бағаланды.
Сол сияқты, Жанерке Ерлановнаға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия берілді.
7611

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026
Жарияланды: 21.03.2026
-
Жарияланды: 08.03.2026
.