Жаңалықтар

Наурыз - бірлік пен береке мерекесі!
Наурыз - бірлік пен береке мерекесі!
24 March 2022
Наурыз мейрамы қарсаңында ішкі аурулар кафедрасының терапевтік бөлім меңгерушісі мен ғылыми қызметкері Беков Ернұр Касиповичтың бастамасымен «Жалпы медицина» тобының 3 курс студенттері университет клиникасында науқастар мен клиника қызметкерлері үшін тамаша мерекелік концерт өткізіп, көктемгі тамаша көңіл-күй сыйлады.



Өмірдің жаңа кезеңі деп көктемнің ұлы мерекесіне арналған күні қазақстандықтар ұлттық киім киіп көпшілік болып қауышып тойлайды, ізгі тілектермен алмасады, айналасындағылармен татуласады, бір-біріне дәм тарту етеді.



Өткізілген іс-шара Наурыз мейрамымен байланысты мәдениет пен дәстүрлерді сақтауға және дамытуға ықпал етеді.

Студенттер қазақтың ұлттық әндерін, билерін, әдет-ғұрыптарын орындады, жақсылық пен амандық тілеп, дастархан жайылды.

    Наурыз мейрамын 5000 жылдан астам тойланып келеді.Осынау көктем мерекесінде салт-дәстүрлерді дәріптеп, бір-біріңізге көмек қолын созыңыз, жан дүниеңізді махаббат пен қуанышпен жылытыңыз, осылайша кейін келер жыл сәтті болатынына үміт етіп, жақсылықпен бастаңыз!

  Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын!

Ішкі аурулар кафедрасының ұжымы


331

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 12.04.2026
.
Жарияланды: 06.04.2026
Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026