Жаңалықтар

ҚМУ-де Конституциялық реформа жобасы талқыланды
ҚМУ-де Конституциялық реформа жобасы талқыланды
9 February 2026
Талқылауға Басқарма Төрағасы – Ректор Б.Н.Көшерова, проректорлар, профессор - оқытушылар құрамы, мектеп декандары және білім алушылар қатысты.
Талқылау барысында денсаулық сақтау, білім беру, ғылым салаларын реттеу бөлігіндегі негізгі мәселелер қаралды. Кездесуді қорытындылай келе,
- Конституциялық өзгерістер еліміздің, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарының басында тұрған тәуелсіз мемлекеттің одан әрі орнықты дамуына бағытталған, - деп атап өтті Басқарма Төрағасы-Ректор Бақыт Нұрғалиқызы Көшерова.
Академиялық және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Ж.А.Дәулетқалиева, Қоғамдық денсаулық мектебінің еңбек сіңірген профессоры В.Н.Приз, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі С.А.Никифорова, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Б.С.Битенова баяндама жасады.



- Сөзсіз, біздің әрқайсымыз мемлекетіміздің негізгі заңына, әсіресе пациенттердің денсаулығы мен өмір сүру сапасына, жоғары білікті мамандар даярлауға қатысты өзгерістерге жауапкершілікпен қарауға тиіспіз, - деді морфология кафедрасының профессоры М.М.Түсіпбекова.



- Медицина, ғылым мәселелерінің маңызы зор. Жобада ұсынылған өзгерістерді біз қолдаймыз және оларды талқылау мүмкіндігі үшін ЖОО басшылығына алғыс айтамыз, - деп атап өтті инфекциялық аурулар және фтизиатрия кафедрасының профессоры Р.Х.Бегайдарова.



174

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026
Жарияланды: 21.03.2026
-
Жарияланды: 08.03.2026
.