Жаңалықтар

ҚМУ ауылдық аймақтардың балаларына консультациялық-диагностикалық көмек көрсету
ҚМУ ауылдық аймақтардың балаларына консультациялық-диагностикалық көмек көрсету
27 January 2026
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтай сессиясында айтылған тапсырмаларына сәйкес, дамуында ауытқуы бар еліміздің кішкентай азаматтарын қолдау және өмірінің алғашқы кезеңінен бастап денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалды. Скринингтік зерттеулер жүргізудің маңыздылығы мен оның мемлекеттік деңгейдегі басымдығы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау туралы заңнамалық актілерде өз көрінісін тапты.
Балалардың дамуын скринингтен өткізу – ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ш. Әлназарова атап өткен, балалардың дамуындағы бұзылыстарды ерте кезеңдерде анықтап, ерте араласу шараларын жүргізуге бағытталған жүйелі шаралардың бірі болып табылады.



2026 жылғы 22–23 қаңтар күндері педиатрия және неонатология кафедрасының оқытушылары мен резиденттері Қарағанды облысының Бұқар жырау және Шет аудандарына балалардың даму скринингін жүргізу мақсатында іссапармен барды. Іс-шара Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен, Қарағанды медициналық университетінің ауылдық өңірлердегі балаларға көрсететін консультативтік-диагностикалық көмегі аясында, балалардың физикалық, психомоторлық және сөйлеу дамуының ауытқуларын ерте анықтау мақсатында өткізілді.
Қазіргі таңда ДДҰ (ЮНИСЕФ) ұсынымдарына және Қазақстандағы ерте даму саласындағы жетекші мамандардың тәжірибесіне сәйкес, балаларды скринингтен өткізу тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. Бүгінде скрининг ата-аналарды сауалнамалау мен баланың жас ерекшелігіне қарай дағдыларын бағалауды қамтиды.



Аталған жұмыстың бастапқы кезеңінде көрсетілген аудандарда 3 жасқа дейінгі 98 балаға скрининг жүргізіліп, дамудың келесі салалары бағаланды: ірі және ұсақ моторика, сөйлеу дамуы, сенсорлық және әлеуметтік сала. Бұқар жырау ауданында Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының Оңалту орталығының педагог-психологының көшпелі топ жұмысына қатысуының арқасында балалардың даму деңгейіне кешенді тексеру жүргізілді. Тексеру бақылау және диагностикалық ойын нормативтері негізінде өткізіліп, тиісті ұсынымдар берілді. Скрининг жүргізу барысында балалардың заңды өкілдеріне ерте жастағы балаларды тамақтандыру, қосымша тамақты енгізу мәселелері бойынша, ДДҰ-ның жаңа тамақтану ұсынымдарына сәйкес кеңес берілді. Бұқар жырау ауданында педиатрмен бірлесіп, вакцинацияның маңыздылығы, ең алдымен қорғаныс ретіндегі рөлі туралы түсіндіру әңгімелері өткізілді. Бұл ретте белсенді тыңдау дағдыларына негізделген вакцинация кезіндегі тұлғааралық коммуникацияның заманауи тәсілдері қолданылды.
Жұмыс барысында 9-002 тобының резидент-педиатрлары Саликов Т.Г., Нуртазина А.Х., 9-001 тобының резиденттері Курал А.Е., Ахметова М.С. үлкен көмек көрсетті. Олар оқытушылармен бірге скринингке тікелей қатысып, балалардың физикалық дамуын бағалады, ата-аналарға сауалнама жүргізді. Атап айтқанда, «ТМД-ның үздік студенті 2025–2026» халықаралық байқауының жеңімпазы Саликов Т.Г. скрининг жүргізу, кафедра оқытушыларымен және медициналық қызметкерлермен командалық жұмыс жасау барысында мол тәжірибе алғанын атап өтті. Жалпы алғанда, ерте жастағы балалар мен олардың отбасыларын қолдау және сүйемелдеу мақсатында біздің университет пен Қарағанды облысының медициналық ұйымдары арасындағы өзара іс-қимыл тәжірибесі жүзеге асырылуда. Бұқар жырау ауданының Орталық аудандық ауруханасының директоры Мустафин Қ.Б. жалпы практика дәрігерлері мен педиатрлардың қатысуымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында педиатрия және неонатология кафедрасының меңгерушісі Түкбекова Б.Т. 2023 жылғы Қалта анықтамалығының мазмұнын, балалар мен жасөспірімдерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған жаңартылған алгоритмдерді таныстырып, әріптестердің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ ауылдық денсаулық сақтау ресурстарын ескере отырып, даму және ерте араласу орталықтарының, оның ішінде көшпелі орталықтардың жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

1826

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026
Жарияланды: 21.03.2026
-
Жарияланды: 08.03.2026
.