Жаңалықтар

«Менің Қазақстаным» облыстық патриоттық әндер байқауы
«Менің Қазақстаным» облыстық патриоттық әндер байқауы
17 December 2025

12 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай Қарағанды медицина университетінде «Менің Қазақстаным» атты облыстық патриоттық әндер байқауы өткізілді. Конкурсқа қатысқан өнерпаздар Отанға деген сүйіспеншілігін жырға қосып, әуезді әнімен сахнаны тербеді. Елге деген құрмет пен махаббат әр орындалған әннен төгіліп тұрды.


Әділқазы алқасына қатысушылар арасынан жүйрігін бөліп алу оңайға соқпады, себебі жеңіске лайықты көп конкурсант бақ сынасқан болатын.


Байқау нәтижесі бойынша келесі орындар берілді:


Гран-при - Анық Ақпейіл, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті;

І-орын - Мусаева Аида, Қарағанды индустриалдық университеті;

ІІ-орын - Марс Назар, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті;

ІІІ-орын - Манерханова Гауһар, "Bolashak" академиясы;

“Көрермен көзайымы" номинациясы - Конина Милана, Қарағанды медицина университеті.


439

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026
Жарияланды: 21.03.2026
-
Жарияланды: 08.03.2026
.
Жарияланды: 04.03.2026