Жаңалықтар

«Медицина» 6В10117 екі дипломдық СОР аясындағы алғашқы академиялық ұтқырлық
«Медицина» 6В10117 екі дипломдық СОР аясындағы алғашқы академиялық ұтқырлық
3 February 2026
«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-да тарих ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазан мемлекеттік медицина университеті» ЖОО Тарих, философия және әлеуметтану кафедрасының доценті Ольга Аркадьевна Хабибрахманованың «Ресей тарихы» пәні бойынша сапары өтті. Бұл сапар - «Медицина» 6В10117 бірлескен екі дипломдық білім беру бағдарламасын іске асыру аясындағы оқытушының алғашқы академиялық ұтқырлығы.



Жылы, сындарлы және серіктестік жағдайда университет басшылығымен жұмыс бабындағы кездесу өтті. Кездесуге Басқарма Төрағасы - «ҚМУ» КеАҚ ректоры Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы, «ҚМУ» КеАҚ академиялық және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, «ҚМУ» КеАҚ тарапынан «Медицина» 6В10117 бірлескен білім беру бағдарламасының жетекшісі, «ҚМУ» КеАҚ клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі, профессор Калиева Шолпан Сабатаевна, «ҚМУ» КеАҚ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Никифорова Светлана Андреевна қатысты.
Тараптар академиялық өзара іс-қимыл, «Ресей тарихы» пәнін әдістемелік сүйемелдеу, оқытушылық ұтқырлықты дамыту мүмкіндіктері және СОР іске асыру аясындағы ынтымақтастықтың алдағы қадамдары мәселелерін талқылады. Студенттердің білім беру мүдделеріне және оларды мәдениетаралық және университетаралық форматта даярлау сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.
Бұл академиялық ұтқырлық - екі елдің үздік білім беру тәжірибелерін ықпалдастыруға және халықаралық медициналық білім беруді дамытуға бағытталған Қарағанды және Қазан медициналық университеттері арасындағы серіктестікті нығайтудағы маңызды практикалық қадам.


199

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026
Жарияланды: 21.03.2026
-
Жарияланды: 08.03.2026
.