Жаңалықтар

Кідіріссіз жағдайлар аумағы
Кідіріссіз жағдайлар аумағы
16 February 2026

13 ақпан 2026 жылы Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығында резидентурада оқитын барлық мамандық пен курс резиденттеріне арналған тоқсан сайын өтетін «Кідіріссіз жағдайлар аумағы» байқауы «Жол-көлік оқиғасы» сценарийі бойынша өтті.

Байқау бакалавриат пен резидентурада алған білімдері мен практикалық дағдыларын жарыс форматында көрсетіп, шынайы клиникалық тәжірибеге барынша жақын жағдайларда тиімді командалық өзара іс-қимылды пысықтауға бірегей мүмкіндік береді.


«Кідіріссіз жағдайлар аумағына» 5-6 резиденттен құралған 6 команда қатысты. Сценарийге сәйкес Қарағанды–Қарқаралы тас жолында мотоцикл жүргізушісі мен «ГАЗель» жолаушылар шағын автобусының соқтығысуы салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алды. Резиденттердің қатысуымен жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына келіп, шұғыл медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккендерді сұрыптап, тасымалдады.


Қазылар алқасының құрамында практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері — КМК №3 емхананың ана мен баланы қорғау қызметінің жетекшісі Таласпаева Гульназ Оразовна, , «Jusan med» ЖШС директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Исатаева Шолпан Кудайбергеновна және СББТО жаттықтырушылары болды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

I дәрежелі диплом: Джамалединов Эльмир (ортопед-травматолог), Билалов Зуфар (ортопед-травматолог), Камбаров Вадим (ортопед-травматолог), Шилов Алексей (ревматолог), Омаров Диас (психиатр), Исатаев Темірлан (реабилитолог).

II дәрежелі диплом: Кайрат Айзада (педиатр), Малеванная Александра (педиатр), Сағынбаева Гаухар (неонатолог), Мамарахим Арайлым (неонатолог), Тарасевич Михаил (ортопед-травматолог).

III дәрежелі дипломдар: Мұратқызы Аида (аллерголог-иммунолог), Сейілхан Замира (аллерголог-иммунолог), Жүсіп Аружан (аллерголог-иммунолог), Тастабеков Жандос (хирург), Данияр Тұяқ (хирург).



624

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 02.04.2026
Жарияланды: 26.03.2026
Жарияланды: 21.03.2026
-
Жарияланды: 08.03.2026
.